Ауданда Сайлау өтті
Іле ауданында 2 ақпан – «Дүнеиежүзілік сайлау күні» аясында Іле аудандық аумақтық сайлау коммисияның жылдық бекітілген Күнтізбелік жоспарына сәйкес ауданның барлық сайлау учаскелерінде іс-шаралар өткізілді. Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері кездесулер мен дөңгелек үстелге қатысты.
Атаулы күнге орай: аумақтық сайлау коммисиясын, учаскелік сайлау коммисиясында, аудандындық кітапхана, колледж, балабақша мен мектептерде 25-тен астам шара өтті.
Аудан мектептерінде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен учаскелік сайлау коммисиясының мүшелерімен кездес, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда: №10 мектепте 9-11 сынып оқушыларына «Сайлау жүйесінің негізігі құқықтары» атты сынып сағаты, №36 мектепте №1047 және 412 сайлау учаскелерінің мүшелерімен кездесу өтті. Жоғары сынып оқушылары өздерінің сайлау жүйесіне қатысты сұрақтарын қойып, сайлау жүйесімен танысты. №352, 1046, 349 Сайлау учаскесінің мүшелері №13 орта мектепте 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысыанда «Демократиялық сайлаудың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасалды. №395, 396 учаскелік сайлау коммисиясының ұйымдастыруымен эссе байқауы өткізілді.
«Прогресс» политехникалық колледжінде ZOOM платформасы арқылы №355 сайлау учаскесінің мүшелерімен кездесу өтті. Студенттеріне «Сайлау процесінің құқықтық негіздері» атты презентация ұсынылды. Шараның мақсаты: сайлау заңнамасының заманауи үрдістерімен таныстыру, жастар арасында құқықтық сауаттылықты көтеру. Колледж студенттері «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» атты тақырыпта шығарма байқауы ұйымдастырылды.
Боралдай кентіндегі санаторлы топтарымен «Әдемі» бөбекжай- балабақшасындағы 344 нөмірлі сайлау учаскесінде Сайлау күніне орай «Сайлау құқығы» атты сайлауға әлі қатыспаған жас мамандар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға сайлау комиссиясының мүшелері де қатысты. Дөңгелек үстел барысында сайлау учаскесінің хатшысы «Сайлау құқығы» атты баяндама оқып, жалпы сайлаушылардың сайлау барысындағы құқықтарымен таныстырып өтті .
«Дүнеиежүзілік сайлау күні» аясында өткізілген іс- шаралардың басты мақсаты: жастарға сайлау туралы жан-жақты ақпарат беру,сайлау құқығымен таныстыру.