Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыЭкономикаЭнергетический ауылдық округі

АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТКЕ АДАЛ БОЛАЙЫҚ

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ҚР Тұңғыш Президенті заманауи, стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыратын мемлекеттік аппаратты құру мәселесін назарынан тыс қалдырған емес. Бұл орайда, бірінші кезекте Елбасының бастамасымен көлемді әрі тиімсіз басқарудың әкімшілік тобы оңтайландырылып, тәуелсіз Қазақстанның жаңа жағдайындағы саяси бағытын сапалы жүзеге асыра алатын мемлекеттік аппарат құру бағытында жұмыс жүргізіле бастады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке жүгіну жолымен жүзеге асырылатын және олардың тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың нысандарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Іле ауданының Энергетический ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғаларға келесідей мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады:

— «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»

— «Елдімекен шекарасында объект салу үшін жер учаскесін беру»

— «Жер учаскесіне кезекке тұру»

— «Шалғай ауылдарда тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдары мен үйге тегін көлікпен қамтамасыз ету»

— «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығы туралы анықтама беру».

— «Елдімекен шекарасында объект салу үшін жер учаскесін беру»

Энергетический ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда электрондық форматта қызмет алуға болады. Әлемдік пандемияға байланысты барлық дәрежедегі жұмыс онлайн форматқа көшті. Халыққа қызмет көрсету орталығында адамдардың көп шоғырлануының алдын-алу, азаматтарға қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы «Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратында» азаматтарға E-gov арқылы жалпы саны 3975 қызмет көрсетілді. Олар: ЭЦҚ кілтін ашу, АӘК құжаттарын тапсыру, жер учаскесін алу үшін кезекке қою. т.б қызметтер

Бүгінгі таңда көптеген азаматтар интернеттен қызмет алуды құптайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану арқылы да алуға болады www.egov.kz.

«Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады» — деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс деп білемін.

А.Пошан, Энергетический ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button