Без рубрикиДін және қоғам

ІЛЕ АУДАНЫНДА ШӘКІРТТЕРДІҢ ҚҰРАНЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Іле ауданына қарасты Арын қажы мешітінің  ұйымдастыруымен Іле аудандық  «Құранның 30-шы  парасын жатқа оқу және қазақша мағынасынан» байқау өтті.  Құран жарысына ауданнан отыз бес үміткер  қатысты. Ізгі шара қасиетті Құранды оқумен басталды. Одан кейін Алматы аймағы бойынша өкіл имамы  Қуаныш Бақытбекұлы  сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде Құранды жаттау сауабы мол амал екенін айтып өтті. Құран оқу сайысында Арын қажы мешітінің ұстазы Ақатаев Ерлан, он қырағаттың иесі Сманов Зайнулабидин қари және Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, доктаранты Абдумажидұлы Әбдіхалық қари мен Іле ауданының бас имамы Аманұлы Дархан қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды Екпін Бағдарсын  иеленіп, Умраға  (Кіші қажылық) жолдама алса, Ержанұлы Бекардақ  ІІ орынға  (100000 тг) табан тіреді. Ал Жұматай Білал ІІІ орынды қанағат тұтты (50000 тг).

Байқау соңында ауданымыздың бас имамы Дархан Аманұлы жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, болашақта Құранды толық жаттаған қари болуларына тілектестік білдірді.

Іле аудандық орталық мешіті

Басқа жаңалықтар

Back to top button