«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында
Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.
Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 4 бөлігінің 8 тармағына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбiн айқындайды.
Бағдарламаның басты мақсаты — ауылды аймақтарды қажетті сала бойынша мамандармен қамтамасыз етіп, мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы (100 айлық есептік көрсеткіш – 306 300 теңге, мен баспана алуға жеңілдетілген несие (1500 айлық есептік көрсеткіш – 4 594 500 теңге,) 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақысы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі беріледі. Биыл айлық есептік көрсеткіш 3063 теңгені құрайды.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік сала бойынша мамандармен қамтамасыз ету.
Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан басталып, бүгінгі таңда ауыл-аймақтарда орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді. Кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда.
Ауданда 2009 жылдан бастап көтерме жәрдемақы, 2011 жылдан бастап тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беріле басталды. Қазіргі таңда 964 маман көтерме жәрдемақы, 308 маман бюджеттік кредит алды. Келісім-шарт бойынша мамандар үш жылдық мерзiмге дейін ауданда жұмыс істейді. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтарылады.
Ұлттық экономика министрінің 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №72 бұйрығының 6 тармақшасына сәйкес, Іле ауданының 2022 жылғы 27 қаңтарындағы №24 2022 жылға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандақтардың тізбесі қалыптастырылып, аудандық сайтқа және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастырылды.
2009-2021 жылдар аралығында көтерме жәрдемақы алған мамандардың саны – 964, жалпы сомасы – 176 767 000 теңге. Оның ішінде: 645 маман білім беру саласынан, 291 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, 6 маман мәдениет саласынан, 5 маман спорт саласынан, 13 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан, 1 маман мемлекеттік қызметші саласынан.
2011-2021 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған мамандардың саны – 308, жалпы сомасы – 1 014 854 000 теңге. Оның ішінде: 193 маман білім беру саласынан, 107 маман денсаулық сақтау саласынан, 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, 3 маман мәдениет саласынан, 1 маман спорт саласынан, 3 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан.
Ағымдағы жылы 70 маманға 21 млн.441 мың теңге көтерме жәрдемақы жоспарланып, 10 адам 306300 теңге төленді. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша құжат тапсырған мамандар аудан әкімдігінің қаулысымен кезекке қойылуда.
Ал тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 30 маман – 137 835 000 теңге жоспарланды.
Бүгінде мемлекеттің тарапынан осы бағдарламаның көмегімен ауданға жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген мамандар баспаналы болып, бір рет берілетін жәрдемақы алып, отбасын құрып ауданымызда тұрақты жұмыс істеуде. Алайда тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алған мамандардың ішінде несиелерін төлемей отырған мамандар да бар. Келісім-шарттың негізінде мамандардың ісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуде.
Сонымен қатар, ауданның Алматы қаласына жақын болуы және жылжымайтын мүлік бағасының жоғары болуы, жас мамандарға берілген бюджеттік несиелер тұрғын үй сатып алуға жеткіліксіз, яғни олар сатып алынған тұрғын үй құнының тек 40 пайызын ғана жабады.
Жалпы мемлекеттік бағдарлама белсенді іске асырылып, Үкіметтің тұрақты бақылауында. Бұл жобада мамандарға жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де оны ақтауы парыз. Елімізді дамытуда жастар қауымының қосқан үлестері зор.
Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Осы орайда біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрсек дейміз.
Қорытындылай келе жастарға айтарымыз, мемлекет тарапынан осындай көмекті пайдаланып оқу орнын бітіріп, мамандық иесі болып, біздің ауданымызға келіп жұмыс жасаңыздар! Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық да-муына және көркеюіне атсалысыңыздар демекпіз!
Қ. Бөпетаева,
Іле ауданынының экономика