Алматы облысының жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылым

Мағжан Жұмабаев атама арнау

Мен арнадым өлеңімді Әбілмағжан Жұмабаев атама

Дәл осындай шараларда еске аламыз ақындарды самғаған,

Елі үшін жүрегінде намыстары лаулаған.

Өлең жазып, ақыл айтып, жолды нұсқар біздерге,

Соның бірі Әбілмағжан- намыс рухын жалғаған.

Мағжан ата!

Мақтан тұтып, еске аламыз ақындарды сіздердей,

Оның бәрі міндет екен оқушыға біздердей.

Бірақ қазір ақыл айтар, жолды нұсқар адам жоқ.

Алайда жүз жас ақын арамызда жүргендей.

Сол ақындар әрқашан да биіктікке самғайды,

Қиындықпен кездессе де қанаттары талмайды.

Сіздей ұлы тұлғалардың ақыл айтқан сөздерін,

Мұра етіп, өткен шақтан болашаққа жалғайды.

Қуанамын болғанына ақындардың дәл осындай,

Ақындардың, тұлғалардың бейне бір тынысындай.

Өзінің де, өзгенің де қуанышын жырлап айтыр,

Қайран ақын, бабалардың болмысындай.

Мағжан ата!

Арнадым сізге осы жырымды,

Жайып салдым ішімдегі сырымды.

Ей адамзат! Ойлаңдаршы өздерің.

Қай бағытқа мына заман бұрылды.

Шаукен Ерасыл

«№ 39 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»
МКМ, 9 сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button