Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымЖетіген ауылдық округіЗнай нашихРуханиятТұлға

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРДАРЫНА АРНАП МУЗЕЙ АШЫЛДЫ

Өткен аптада Жетіген ауылында №3 орта мектептің салынуына, ашылуына  үлесін қосып, негізін қалаған, мектептің алғашқы директоры, селолық советтің депутаты, Қазақ ССР – нің «Еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұлағатты ұстаз, оқу ісінің үздігі, қоғам қайраткері Қалибеков Қапар Қалибекұлының құрметіне тарих өлкетану мұражай ашылды.  Ал, жәдігер ретінде марқұмның жұбайы Жанбүбі Тұржыкенова жинақтаған материалдар қойылған.

Ол – бар өмірін халық ағарту ісіне арнаған жан. 1951  жылы Қазақтың Абай атындағы интитутын бітіріп, Түрген ауылында педагогикалық училищесінде 1957 жылға дейін ұстаздық етеді. Сол жылы «Рассвет» совхозындағы №33 8 жылдық мектептің директоры болған.  Бойындағы талантымен Қапар Қалибекұлы қазақ баласының терең білім алуына ден қойды. Оның білім берудегі әдістемесі өзгелерден ерекше болған.

Жалпы деректер бойынша Жетіген ауылында ақ патшаның билік құрып тұрғанда ең алғаш 1873 жылы мектеп ашылады.  Кейін КСРО кезінде Жетіген  Николаевка деп аталған (бүгінгі күнге дейін егде жастағы адамдар Николаевка деп жүр) «Рассвет» совхозы деп те аталады. Мектеп 1935 жылы 4 сыныптық болып қайта құрылған. Ол кезде  қанша бала дәріс алғаны белгісіз.  Деректерге сүйенсек Қапар аға негізін салған қазіргі №3 орта мектеп 1977 жылы Брежневтің тұсында салынған. 

Өлкетану музейінің ашылуына орай салтанатты шара өткізілді. Ұстаздың ұлы Бақыт Қапарұлы әкесі  туралы шағын баяндама жасады. Содан соң ауылдың ардагер ұстаздары барлығы жиылып  алқызыл лентаны қиды. Келген қонақтар өлкетану мүзейінің  ішін тамашалады. Кабинетті ұстаздың ұлы Бақыт Қапарұлы музейдің ішіне оқу орнының тарихи сурреттерін қойып,  жабдықтаған. Мұражайдың экспонаттары  4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі Қапар Қалибекұлының құрметіне «Қалдырған ізің мәңгілік» бөлімде барлық түпнұсқа құжаттар қойылған. Екінші бөлім ауылдың құрылуымен дамуы туралы тың тарихын жырлаған Жанбүбі Тұржыкеева анамызға арналған «Ұлы даланың Ұлы анасы» деп аталады. Екінші бөлім туралы көп жазуға болады. Ауылдың тарихын бір газеттің бетіне сыйдыру мүмкін емес.  Оның айтуынша, мүзей тек Қапар Қалибекұлының ғана емес жалпы Жетіген ауылының тарихи сәттеріне арналған деп айтты. Қонақтарға слайд арқылы мектеп тарихының  бір парағын көрсетті. Қалған екі бөлімде дәл осындай тарихи бөлімдерге бөлінген.

Салтанатты жиында марқұмға арналған сағынышты тілектер, еске алумен қатар арнау өлеңдер оқылды. Осынау жиылған құнды тарихи қағаздарды №3 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімдері құрастырған.

Мектеп директоры Светлана Өрікбайқызы, демеушілік көрсеткен және идеяны қолдаған  Бақыт Қапарұлы мен жары Айгүл Қанатқызына осындай мүзей ашып бергені үшін алғысхат табыс етті.

Ұстаздың шәкірті, әрі әріптестері өз қолтаңбаларын музейдің еске алу кітапшасына қалдырды. Болашақта  Жетіген ауылындағы №3 орта мектепке қоғам қайраткері Қалибеков Қапар Қалибекұлының есімі берілуі керек деген ұсыныс айтылып, ауыл адамдары бірден қолдау көрсетті.

Қазақтың «Ғалымның хаты өлмейді» — дегені осы шығар. Қаншама жылдар бойы мектептің мүддесі үшін, қазақ баласының дұрыс  білімі алу үшін ғана емес, қазіргі кезде сиреп кеткен қасиет өз әріптестерінің құқығын қорғауда жан аямай еңбек еткен Қапар ағамыз дала ғалымы емей не дерсіз. Болашақта өлкетану мүзейі ауыл адамдарының барып, қызықтап ауылдың өркендеу жолындағы өз тарихын қалдыратын жақсы орынға айналатынына бек сенім артамыз.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button