Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыАщыбұлақ ауылдық округіБасты ақпаратЧапаев ауылдық округі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСТЫ НАЗАРДА

Іле ауданы әкімшілігі жанындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері жоспарға сәйкес, Ащыбұлақ, Чапаев ауылдық округі әкімінің аппараттарында, білім, денсаулық сақтау мекемелерінде талдау жұмыстарын жүргізді.

Баршаңызға белгілі ауданымызда мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында соңғы 4-5 жылдың көлемінде арнайы мониторингтік топ жұмыс жасайды. Биыл бұл топтың құрамы өзгертілді. Арнайы талдау тобының қатарында аудандық мәслихат депутаты – Гүлмира Ақжолтаева, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы — Санат Ерболатұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек және мүгедектерді оңалту секторының меңгерушісі – Дәулеткелді Серікұлы, «Іле таңы» газетінің бас редакторы – Ербол Бауыржанұлы, облыстық кәсіпкерлер палатасы Іле аудандық филиалының директоры – Дидар Абдрашидұлы, «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Қымбат Құрманжанова, «Үміт шырағы» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Үміт Темешова бар. Байқағандарыңыздай мемлекеттік қызметкерлердің саны шектеліп, қоғамдық ұйымдар мен депутаттарға басымдық беріліпті. Сәуір айының алғашқы күні ұйым жұмыс жоспарына сәйкес Чапаев, Ащыбұлақ ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекемелерде зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуі тиісті дәрежеде атқарылмайтындығы анықталып, сын-ескертпелер айтылды. «Қойылған міндеттер, алдағы күндері әкімшілікте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты «Ашық әкімдік» (Open Space) форматында жүргізілетін болады», – деді округ әкімінің орынбасары Кенже Мұратбекқызы.

Келесі кезекте, мониторингтік топ мүшелері Түймебаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрды. Ондағы ахуал аса жаман емес. Тек, халыққа берілетін электрондық қызмет пен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалатын қызметтің сапасын жақсарту керектігі ескертілді. Сонымен қатар, Чапаев ауылдық округі әкімдігінің аппараты барлық талаптарға сай жұмыс жасап жатыр, десе де ауылдағы «Гнездышко» мемлекеттік балабақшасының пандустарын қайта өңдеу міндеттелді. Мониторингттік топтың биылғы жылға алғашқы іс сапары сапары осылай аяқталды. Алдағы уақыттарда арнайы мониторингттік топ жұмысын жалғастыра береді.

Айдын ТОҚСАНОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button