Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

Қазақтың дара тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлы

Биыл ұлы даланың дара ұстазы, ағартушы, аудармашы , Алаш арысы, керемет ақын, қоғам қайраткері, тіл білімінің негізін салушы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, қазақ халқының жарық жұлдызы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осы мерейтойға орай Жаңаталап ауылы 25 орта мектеп кітапханасында «Қазақтың дара тұлғасы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: А.Байтұрсыновтың шығармаларымен, кітаптарымен таныстырып, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Іс-шара барысында балалар Ахмет Байтұрсынұлының қысқаша өмірбаяны туралы бірнеше қызықты сәттерді тыңдады. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тілі білімі мен әдебиеттануының реформаторы. Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы, ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-1918) ұйымдастырушысы, әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны (1872-1938) қазіргі Қостанай облысындағы, Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А. В. Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Оқушыларда А.Байтұрсынұлының қанатты сөздерін оқып, қанатты сөздерге түсініктеме беріп, өз пікірілерін білдірді. «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалын да нақышына келтіріп оқыды. Іс шараға «Қазақ тілі мен әдебиет», «Тарих» бірлестігінің ұстаздары қатысып, білім алушылармен тың деректермен бөлісті. Үлкен әріппен жазған ғалым, ағартушы, қазақ жазуының негізі қалаушы, ақын, жазушы, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының ұрпақтарына зор мұра қалдырды. Іс-шара соңында кітапханашы А. Байтұрсынұлының өмірі туралы бейнебаян көрсетіп, оқушыларға жаднамалар таратты.

И. КАДИРБЕРДИЕВА,

№25 орта мектеп кітапханашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button