Ұлтымыздың ұлы – Ахмет Байтұрсынов
№29 орта мектебінің кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Бір ел, бір – кітап» Республикалық акция аясында, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында әдеби кешіміз өтті. Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттеді дарыту, ақын, педагог -ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Осы іс-шара барысында ақының шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды. 2 -3 сыныптар оқушылар арасында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін, мысалдарын жатқа оқу сайысы өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты Сарсен Дарын «Ат пен есек», Шәкір Қайырбек «Анама хат», Сейтқан Ғибрат «Оқуға шақыру», Талапқызы Қарақат «Аққу шортан һәм шаян», Дастан Мәншүк «Замандастарға», Өмірғали Айару «Аңдарға келген індет», Жаңабай Абылай «Ақын ініме» тағы басқа. Оқушылармен кері байланыс жасалып, ақынның шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды. Ақының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәнгілік өнеге болып қала бермек. №29 орта мектебінің кітапханашылар