Алматы облысындағы сыра сатушылар арасындағы жосықсыз бәсекелестік
Жақында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ-ның жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» ЖШС-нің әрекетіне қатысты хатын қарады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым ғұрыптарына, парасаттылық, зерделілік пен әділдік талаптарына қайшы келетін және басқа да нарық субъектілеріне – бәсекелестерге зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) немесе бірнеше нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген әрекеттері жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес монополияға қарсы орган жосықсыз бәсекелестіктің алдын алады.
Хаттықарау барысында белгілі болғандай, еліміздің сауда нүктелерінде «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» ЖШС «Bear Beer» маркалы сыраны Қазақстанға жеткізуші бола отырып, аталған сыра маркасының баға белгілерінде «Дұрыс аюмен демалыс»деген жазуды пайдаланады.
«Эфес Қазақстан «, «Белый медведь» маркалы сыраны өндіруші және сатушы ретінде «Bear Beer» сырасының баға белгілеріндегі «Дұрыс аюмен демалыс» мәтіні сатып алушыларға сыраның басқа маркаларында, яғни атауында «аю» сөзі бар сыраның барлық маркалары сапалы емес тәрізді түсінік қалыптастырады деп есептейді.
«Эфес Қазақстан» ұсынған Лингвистика жөніндегі маманның қорытындысы бойынша «Дұрыс аюмен демалыс» жазуы сыра тұтынушыларында атауы»аю» сөзі бар сыраның басқа маркалары туралы жағымсыз түсінік қалыптастыруы мүмкін.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент зерделеген деректер негізінде «Первый ПИВЗАВОД» ЖШС — нің «Bear Beer» сырасының баға белгісін қолдану жөніндегі іс-әрекетінде «Дұрыс аюмен демалыс»/»Отдых с правильным медведем» жазуларымен жосықсыз бәсекелестік белгілері, атап айтқанда-бәсекелестің сатушысын (жеткізушісін) бойкотқа шақыру байқалатыны анықталды.
Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабының 1-тармағы негізінде, «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» ЖШС-не қатысты кәсіпорын әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы және оларды тоқтату қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.
Недобросовестная конкуренция среди реализаторов пива Алматинской области
Недавно Департамент Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по Алматинской области рассмотрел обращение АО ИП «Эфес Казахстан» на действия ТОО «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» по признакам недобросовестной конкуренции.
Недобросовестная конкуренцией являются любые, направленные на приобретение преимуществ в предпринимательской деятельности действия субъекта рынка, которые противоречат законодательству, обычаям делового оборота, требованиям добропорядочности, разумности и справедливости и причинили или могут причинить ущерб другим субъектам рынка – конкурентам, либо нанесли или могут нанести вред их деловой репутации. Согласно нормам Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан, антимонопольный орган предотвращает и пресекает недобросовестную конкуренцию.
Как стало известно в ходе работы с обращением, вторговых точках страны ТОО «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД», являясь поставщиком пива марки «BearBeer» в Казахстан,на ценниках данной марки пива использует надпись «Дұрыс аюмен демалыс»/ «Отдых с правильным медведем».
«Эфес Казахстан»как производитель и реализатор пива марки «Белый медведь» считает, что надпись«Дұрысаюмендемалыс»/«Отдых с правильным медведем» прямо указывает покупателю, что иные марки пива, то есть все марки пива, в названии которых присутствуют слово «медведь», в том числе «Белый медведь», неправильные, некачественные.
Из представленного «Эфес Казахстан» заключения специалистапо лингвистике следует, что надпись «Отдых с правильным медведем» может сформировать у потребителей пива негативное представление о других марках пива, в названии которых присутствует слово «медведь».
На основании изученных данныхантимонопольным департаментом по Алматинской области установлено, что в действияхТОО «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» по применению ценника пива «BearBeer» с надписями«Дұрысаюмендемалыс»/«Отдых с правильным медведем» усматриваются признаки недобросовестной конкуренции, а именно — призыв к бойкоту продавца (поставщика) конкурента.
На основании п.1 ст.199 Предпринимательского Кодекса, в отношении ТОО «ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД» вынесено уведомлениео наличии в действиях предприятия признаков нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренциии необходимости их прекращения.