Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗнай нашихМәдениетРуханият

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ – ҰЛЫ АНАЛАРЫ

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен №13 М. Мақатаев атындағы орта мектепте «Ұлы дала аналары» атты облыстық байқау өтті.

Байқаудың басы сайысқа қатысушы қонақтарды Іле ауданымен таныстырудан басталды. Алдымен Өтеген батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді. Одан кейін, меймандарды №13 М. Мақатаев атындағы орта мектепке алып келді. Мектеп ұжымы оқу орнының тарихымен таныстырып, абыз аналарды ақ дастархан жайып күтіп алды. Шараның шымылдығы аудандық «Элегия» ансамбілі және Ә. Нұрқожа атындағы халық ансамблінің «Ана туралы жыр» әнін бірігіп орындауымен түрілді. Содан соң,  қайсар мінезімен, парасат-пайымымен, даналығымен халық арасында беделі асқақ Іле, Жамбыл, Қордай аудандарының Құрметті азаматы Төрткен Кененқызының дүниеге келуі «Төрт кемпір бір шал» деп ат қою рәсімінен үзінді көрсетілген театрландырылған қойылымның куәсі болдық. Аналарымызды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған байқау екі номинация бойынша өтті. Облысымыздың 17 аудан, 3 қаласы қатысқан Аналар кеңесі еліне адал қызмет етіп, еңбегі сіңген, салиқалы ұрпақ тәрбиелеген аналар туралы бейнеролик немесе сахналық көрініс дайындап, кеңестің атқарған жұмыстарын жинақтаған портфолио ұсынды.

«Ұлы дала аналары» байқауының қорытындысы бойынша, барлық аналар арнайы дипломдармен марапатталды, үздік деп танылған қатысушылар қосымша сыйақыларға да ие болды. Қазақтың дана, абыз аналарының бейнесін аша отырып, ақылды, ойлы, ұрпақ тәрбиелеу. Жас буынды кешегі қазақ даласы мен бүгінгі қазақ еліне ерен ерліктерімен, даналығымен белгілі болып, халық жадында мәңгі сақталған батыр қыздар мен дана аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу  мақсатында ұйымдастырылған шараның бас жүлдесін, яғни, «Ұлы даланың – Ұлы Анасы» атағын Қарасай аудандық Аналар кеңесі қанжығаласа, І орынды Іле, Кербұлақ аудандары, II орынды Кеген, Панфилов, Райымбек аудандары иеленіп, жүлделі III орынды Алакөл, Сарқан аудандары мен Қонаев қаласы бөлісті. 

 «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе – екінші қолымен әлемді тербетеді» – деген халқымыз. Қандай нақты айтылған ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.

Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде де өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық!

Айдын ТОҚСАНОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button