Референдумға дайындық пысықталды
Бүгін Іле ауданы Өтеген батыр ауылына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина арнайы ат басын бұрды. Негізгі мақсаты 5 маусымда өтетін Республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы және референдум учаскелерінің төрайымдарының атқаратын негізгі қызметтеріне құқықтарына байланысты семинар жиынын өткізді. Семинарға ауданымыздағы 85 сайлау учаскесіне жауапты мамандар қатысты. Жиында алғаш сөз алған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңға сүйенетінін атап өтті. Күн тәртібіндегі жиынға байланысты баяндамаға Алматы облысы әділет басқарма басшысының орынбасары Қ. Пилалов, Іле ауданы прокурорының орынбасары Н.Мақашев, аудан әкімінің аппарат басшысы А. Жандосов, Ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Р. Рақымжан шығып референдумға дайындық пен оны өткізуді аумақтағы сайлау комиссияларының атқаратын жұмысына, жүргізу тәртібіне тоқталды.
Семинар барысында референдумда орын алатын түйіткілдердің алдын-алу мақсатында арнайы тәжірбиелік сабақ өткізді. Мысалы сайлаушыларға байланысты кейбір жағдаяттар орын алғанда комиссия мүшесі не істеу керек, өзін қалай ұстауы қажет қандай құқықытары бар деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп, тұшымды шешім шығаруды оқып үйренді. Республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жобасы толықтай таныстырылды. Осылайша аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.
Айта кетейік тарихи сәтке үгіттеу жұмыстары 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады. Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне әрбір учаске бойынша әкім қол қояды және хаттама бойынша бұл тізім 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей ұсынылады
Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен мекенжайы туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді. Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялар дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін референдум өткізеді.
Дауыс беру қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады және хаттамамен рәсімделеді. Оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі.
Өз тілшіміз