Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

Референдум тәрбін ОСК мүшесі Сабила Мустафина түсіндірді

Референдум 2022

Референдум тәрбін ОСК мүшесі Сабила Мустафина түсіндірді

Президенттің «2022 жылғы 5 маусымда Респубикалық референдум өткізу» туралы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Өтеген батыр ауылында №24 мектеп-лицейінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылған. Іле ауданында өткен семинар-кеңесті Алматы облысы аумақтық референдум комиссиясының Төрағасы Дәуітов Тимур Ермекұлы жүргізді.

Жиынға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мустафина Сабила Сапарқызы келіп қатысып, «Республикалық референдум: өзектілігі, ерекшеліктері, ұйымдастырылуы» жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сондай-ақ семинар жұмысына Іле ауданы әкімінің орынбасыры, Әділет департаменті, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері қатысты.

Іле ауданы бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 166 886. Оның ішінде Чапаев ауылдық округінде 6771, Күрті ауылдық округінде 3960, Боралдайда 22 135, Энергетический ауылдық округінде 26 006, Байсерке ауылдық округінде 31 087, Жетіген ауылдық округінде 15 397, Ащыбұлақ ауылдық округінде 27 273, Междуреченский ауылдық округінде 10 624, Қарой ауылдық округінде 11 023, КазЦИК ауылдық округі 12 610.

Семинарда сөз алған Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қайрат Асанұлы Пилалов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» тақырыбы бойынша ақпарат берді. Келесі болып Іле ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Рақымжан Бақытжан Көкенұлы «Республикалық референдум алдындағы үгіт мәселелері» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. «Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбы бойынша Іле ауданының прокурорының орынбасары Мукашев Нұрбосын Тәжібайұлыбаяндама оқыды.

«Дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау, референдум комиссиясында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін беру жөніндегі әкімдіктің жұмысы туралы» тақырыбындағы мәліметті Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Серікұлы Жандосов айтты.

Айдын ТОҚСАНОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button