Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

ТАРИХИ СӘТКЕ, САҚАДАЙ САЙМЫЗ

Алматы облысы Іле ауданында бүкілхалықтық дауыс беру күніне қызу дайындық жүріп жатыр.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Орталық референдум  комиссиясының мүшелері ел-елді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін осындай жиын аудан орталығы Өтеген батыр ауылы, №24 лицейінде өтті. Жалпы аудан көлемінде 85 сайлау учаскесі бар. Барлығы тарихи сәтке толық дайын.

 Референдум. Ел тарихында екінші рет өткізілгелі отыр. Конституцияға енетін жаңа өзгерістерді халық қолдап немесе қолдамайтынын білдіріп дауыс беру керек. Бүгінгі таңда сайлау учаскелерінің комиссия мүшелеріне референдумды өткізу тәртібі түсіндірілп жатыр.

Ерболат Тұрымбетов, аудандық референдум комиссиясының төрағасыДәл қазіргі уақытта біз аудан көлемін аралап, сайлау учаскелерінің  комиссия мүшелерімен кездесіп жатырмыз. Мамандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандарға оқу семинарын өткізіп жатырмыз. Заңда референдум туралы пункт бар. Сол пунктерді орындалуын қадағалаймыз.

Сәбила Мұстафина ҚР орталық референдум комиссиясының мүшесі: Референдум өткізу туралы жарлыққа Президент қол қойылғаннан бері ел аралап, жалпы дайындық туралы, оқу проццестерін көріп келеміз. Кем-кетігін жөндеп нұсқаулықтарды танысытру үсіндеміз. Әзірге бәрі жақсы. Мысалы Алматы облысының халқы жағынан ең көп Іле ауданы сайлауға сақадай сай десекте болады. Бұл ел тарихындағы айтулы оқиға.Еліміздің әрі қарай серпінді дамуы үшін бірлесіп, өз таңдауымызды жасауымыз керек.

 Бүкілхалықтық дауыс беру 5 маусым күні өтеді. Ал оған дейін халыққа заңға енетін өзгерістердің маңызын түсіндіру жұмыстары аудан көлемінде жан-жақты таныстырылуда. Көшеге баннерлер ілініп, ақпараттық сайттардан беріліп жатыр. Үлкен супермаркеттер мен мекемелердің кіре берісіне ақпарат парақшалары ілініген.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button