Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЖЭС-3 АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Конституциялық референдум өткізуге санаулы күндер қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікір­ді талқылап-таразылау мақ­сатында Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты – Жанболат Жөргенбаев  ЖЭС-3 АҚ ұжымына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Сенат депутатынан бөлек, референдумның маңыздылығын түсіндіруге арналған жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы — Роза Абилова, облыстық мәслихаттың депутаты – Гүлжан Ерубаева,  күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директор – Бақдәулет Нағыметбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаты — Нұрсұлтан Орынбасаров қатысты. Сөз сөйлеген халық қалаулылары Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар жайлы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер, адам құқықтары жөніндегі заңдар, суперпрезиденттік құрылымнан президенттік республика моделіне өту сынды жаңа баптар мен толықтырулар төңірегінде әңгіме қозғап, ой-пікірлерін ортаға салды.

—    «Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланыс­ты емес, ол тұтас мемлекеттің бола­ша­ғына әсер ететін, бұдан да жар­қын келешектің іргетасын қалай­тын аса маңызды күн деп ойлай­мын. Өйткені қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күр­делі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя оты­рып, осындай маңызды шешім қа­былдап отырғаны анық. Бұл осы елдің азаматы ретінде мені де қатты қуантты. Бүгінгі таңда елі­міз үлкен өзгерістер алдында тұр. Сондықтан, 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орын­дауға тиіс. Себебі еліміздің бола­ша­ғы­ның дамуы тікелей осы рефе­рендумға байланысты болып отыр. Сол себепті ел үшін жаны ашитын әр азамат осы референдумға қатысуы керек деп ойлаймын. Бұл іс-шараның да негізгі мақсаты – контитуциялық реформаны бұқара халыққа барынша сауатты түрде жеткізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жал­пыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетеледі. Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан басталып кетті. Араға 27 жыл салып конституциялық рефе­­рен­дум өткізгелі жатырмыз. Алдағы референдумда 43-баптың 3-тармағында Мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына тыйым салу ұсынылып отыр. Қазір осы референдум өт­кізу туралы барлық өңірде рес­пуб­ли­калық штабтың өкілдері өз­дерінің жұмыстарын жүргізуде. Біз­дің бү­гінгі мақсатымыз да – рефе­рен­думның мән мен маңызын тү­сін­діру, халықты кеңінен ақпа­рат­­тан­дыру. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы прези­дент бо­лып сайланғанда өзі­нің бағ­дар­ламасының негізгі өзегі етіп үш мәселені көтер­ді. Бірінші – халықтың әл-ауқа­тын көтеру, екінші – әділет, үшін­ші – даму. Қазіргі болып жат­қан реформалардың бәрі де прези­ден­тіміздің сайлауалды бағдарламаларының логикалық жалғасы деп қарастыру керек»-, деді Жанболат Әкебайұлы.

      Одан кейін сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Роза Михайлқызы Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді жіпке тізіп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Орын алатын жаңашылдықтың бірі – Президенттің құзыреттілігі азайып, Парланметтің рөлі күшейеді. Атап айтқанда, еліміз суперпрезиденттік модельден түпкілікті бас тартпақ. Жалпы, Ата заңның 33 бабына 56 өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. Сондай-ақ, адам құқықтары бойынша “Коституциялық сот” және “Адам құқықтары бойынша уәкілетті орган” деген екі жаңа бап пайда болмақ. Жер толығымен халық меншігіне өтеді. Сөзінің соңында аудандық мәслихат хатшысы референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы, саяси науқан еліміздің болашағын айқындауға бағытталған маңызды шара екенін айтты.

      Жиын соңында ЖЭС-3 АҚкәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Етекбайұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келген халық қалаулыларына ұжым атынан алғыстарын айтып, алдағы болатын республикалық референдумға бір кісідей қатысатындықтарын жеткізді.

Айдын ТОҚСАНОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button