Мерейлі отбасы-ауылымыз мақтанышы
Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Менің айтайын деген отбасым Алматы облысы, Іле ауданы, Әли аулында өмір сүріп жатқан бақытты отбасы Дюсенғалиев Теміржан Газезұлы мен Дюсенғалиева Күнсұлудың шаңырағы. Қазіргі таңда өзінің 4 қызымен қоса қамқорлыққа 3 бала алған, солардың тәрбиесімен отыр. Дюсенғалиевтар отбасының дастарханынан ешқашан тәтті-дәмділері, ірімшік, қаймақтары, құрттары мен бал татыған қатықтары үзіліп көрмеген. Қысты күндері соғым етін жаймаласа, көктем келісімен сүр еттен наурыз көже пісіреді. Сол себепті біздегі наурыз мейрамы әдеттегіден ерте басталып кетеді. Анамыздың осындай істері арқылы біздің отбасымыз өзгелерден ерекшеленіп тұрады-дейді қызы Жібек. 3 қызын тәрбиелеп, ұясынан ұшырған. Қамқорлыққа алған қызы Базымбек Лайла Қыз өссе елдің көркі…!
Өте таза, әрі ұқыптылықты жақсы көреді. Сондықтан күн сайын үйді ретке келтіріп, отбасындағы тазалық сағатын ұйымдастырып жүреді. «Анаға қарап қыз өсер»- демекші, сурет салады, кітап оқуды ұнатады. Әсіресе сыныптастарына сый жасап, сыйлағанды құп көреді. Мұғалімдеріне сыйлы, сыныптағы белсенді оқушы. Үйдегі гүлдерді суарып, баптағанды ұнатады. Жібек қол өнерімен айналысып, отбасы мүшелерін сыйлықпен қуанттып тұрады. Інілеріне үлгі, қамқоршы боп, әкесі мен анасына көмекші боп жүреді. Анасының ертегілерін тыңдап сіңлі-інілеріне түсіндіріп айтып береді. Қамқорлыққа алған бірінші ұлы Базымбек Нұртас: Сегіз қырлы бір сырлы ұл…. Әрине бала тәрбиелеу мәселесінде әр отбасының өз ерекшілігі болады… Отбасы тәрбиесі бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, өйткені әр бір отбасы ол кішкентай мемлекет. Еңбек арқылы дұрыс тәрбие беру, әр ісін қадағалап ұйымдастыру. Көмегі үшін мадақтау,мақтау. Мейірімділікке, имандылыққа баулап өсіру. Баламен сөйлеп, тындауды білу. Отбасылық ойындар ұйымдастыру. … Бұл отбасының отбасылық дәстүрлері… Үлкенге – құрмет, кішіге — ізет, деп отбасы қазыналары АПАЛАРЫ мен-АТАЛАРЫН құрметтеу. Әр мейрам күні сыйлық алып құттықтау, хабарласып қал-жағдайларын білу, үйге шақырып күту. Демалыс күндері отбасымен таза ауада демалу, ұлттық тағамдар әзірлеп қонақ шақыру. Жылда бір рет (жазда) саяхатқа шығу. Кең байтақ киелі қазақ жерімізді аралау. Отағасы бос уақытта ұлдарды балық аулап, атқа мінгізіп, қымыз, шұбат ішіп –таза ауада серуендейді. Қазақ болғандықтан жан-жақты. Әр туысына, досына көңіл бөледі! Теміржан Ғазезұлы-2016 жылдан бастап «Рояль петролда» жүргізуші болып еңбек етсе, мектепте өтетін әр іс-шараға Күнсұлу Нұрланқызы белсене араласады. Өйткені, мектептің қамқоршылар кеңесінің төрайымы. Өзі осы ауылда дүниеге келіп, осы мектепті бітірген. Сондықтан болар мектеп жанашырының бірі.
Ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке бірлігін ұйыта ұстау ортақ міндетіміз. Осы ретте Дюсенғалиевтар отбасын 15 – мамыр «Халықаралық отбасы» күнімен құттықтай отырып, барлық отбасына бақ береке, ырыс-дәулет тілеймін! Елдігіміздің айқын куәсі – егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жабел Айгуль
Әли ауылы, Т.Қатаев атындағы
№22 орта мектебінің директордың ғылыми
әдістеме жөніндегі орынбасары