Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы

Чапаев ауылдық кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында, қазақ халқының Алаш қайраткері, ірі ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын- аудармашы, педагог — ұстаз, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбектерін дәріптеп насихаттау мақсатында №10 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Халқымыздың әлеуметтік, саяси, мәдени және тарихи өмірінде орны айрықша зор түлғаның құнды мұралары — шығармаларымен таныстырылды.
Оқушылар іс — шараға белсене қатысып, өмірдеректері мен мақала, өлеңдерін оқыды.