Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыМерекелер
Отан отбасынан
Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп, қоғамдағы отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Үлкенге ізет көрсету, кішіге құрмет қылу – қазақ тәрбиесінің алтын діңгегі демекші, 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күніне орай, КазЦИК ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев округіміздегі 50 жыл отасқан Мурзакуловтар отбасын арнайы құттықтады. Аталған отбасы 2 ұл, 2 ыз тәрбиелеп өсіріп, олардан қазіргі таңда 11 немере, 7 шөбере тәрбиелеуде. Осындай үлгі тұтар отбасыларды «Мерейлі отбасы» атты жылда өтетін байқауға қатысуға шақырамыз.