Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғамТұлға

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілінің мәртебесі артып, беделі өсті. Елімізде қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің де қатары күннен күнге көбейіп келеді. Сіздерге солардың бірі, орталығымыздың бұрынғы тыңдаушысы, Горобец Сергей Николайұлы туралы сөз қозғамақпын. Горобец Сергей Николайұлы 1993 жылдың 16 маусымында Павлодар облысы, Қашыр ауданында украин отбасында дүниеге келген. Смоленск қаласындағы Ресей федерациясының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын бітірген соң, еңбек жолын 2015 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылындағы №78639 әскери бөлімінде әскери қызметшіліктен бастаған. Сергей орталықта мемлекеттік тілді қарапайым деңгейден бастап, базалық, орта, ортадан жоғары деңгейді екі жарым жыл ішінде жоғары деңгейде меңгеріп шықты. Осы аралықта орталықта өткізілген барлық шараларға белсене қатысып, өзінің қазақ тіліне деген қызушылығының артқанын байқап, түрлі мәдени шараларға қатыстыруға атсалыстым. Атап айтар болсақ, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбындағы дөңгелек үстелге, «Тіл мерейі – ел мерейі» облыстық челленждге «Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев» атты ашық сабаққа, «Тіл – парасат» облыстық байқауына қатысуда белсенділік танытты. Сергей Николайұлы – елінің қорғаушысы ғана емес, Қазақстанның нағыз патриоты. Оның еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын, Ж. Жабаевтың «Әкеме» өлеңін нақышына келтіріп жатқа оқығанынан байқауға болады. Ол мемлекеттік тілді білу – Қазақстанда тұратын әр азаматтың міндеті деп санайды. Сонымен қатар бастысы, қазақ тілін толық меңгеруге адамның ынтасы мен өз еліне деген құрметінің болуында деп есептейді. Сергей мемлекеттік тіліміздің абыройын асқақтату әрбіріміздің борышымыз деп санайды. Себебі, ол қазақ тілін меңгеру арқылы, қазақ тілінің әлемдегі ең бай тіл екеніне көз жеткізіп, қазақтың салт-дәстүрімен, тарихымен, мәдениетімен тереңірек танысқанын мақтанышпен айта алатынын жеткізді. Сергей әлі де бізбен хабарласып, өзіне қажет мәліметтерді сұрап, ойымен бөлісіп отырады. Болашақта Сергей сияқты тыңдаушыларымыз көп болса екен деп тілейміз.

Балжан ТОЛЕГЕНОВА,

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының

Іле аудандық филиалының оқытушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button