Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғамМерекелерТұлға

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАЛҒАМЫ ЖОҒАРЫ

16 маусым күні Іле ауданының түлектері үшін ең жарқын, көңіл толқытарлық, ұмытылмас мерекелердің бірі болып тарихта қалады. Өйткені, дәл бүгін  аудан бойынша  2025 түлек 11 жылдық орта мектепті сәтті аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Аудан әкімі Бағдат Қарасаев Байсерке ауылындағы №12 орта мектепке арнайы ат басын бұрып, орта мектепті бітіру туралы салтанатты шараға қатысты. Б.Қарасаев іс-шараны ашып,  түлектерді аттестат алуларымен құттықтап, жас түлектерге сәт сапар тілеп, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иелерін марапаттады. Аталмыш оқу ордасының оқушылары ең үздік педагогтардан білім алады. Себебі, мұнда 11 түлек «Алтын белгіге» ие болса, 15 түлек «Үздік аттестат» алған. Жалпы оқу ордасында 84 түлек оқу жылын аяқтап отыр.  Білім және ғылым министрінің Жарлығы бойынша биыл түлектер кеші салтанатты түрде өтіп, мектеп түлектері мектеп формасына сай сәнденіп, тыңғылықты дайындалып келген екен.

Қазіргі қоғамда жас шәкірттердің мамандық пен оқу орындарын таңдау талғамдары өте жоғары. Мысалы, №12 орта мектептің түлегі, 11 «А» сыныбының «Алтын белгі» иегері Құлжабай Сұңқар Бекетұлы: «Мен болашақ IT мамандығын игерсем деген мақсат қойып отырмын. Сол үшін Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне барамын. Алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары ұпай жинап, тамаша көрсеткіш көрсеттім. Енді жоғары білім алуға бар ынтамды саламын. Осы сәтті пайдаланып мектеп директоры Табиғат Ибраймова мен ұстазым Баймендиева Қалбибі Тасбауовнаға, №12 орта мектептің барлық ұстаздарына айтар алғысым шексіз» — деп, өзінің жүрекжарды ізгі лебізін білдірді. 

Салтанатты шара барысында түлектер өздері дайындаған концерттік бағдарламаны ұсынды. Ұстаздар мен жас түлектер бір-бірлеріне алғыстарын жаудырып, көптің көңілін елжіретті.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button