Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі.

Бүгінгі білім күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам-атты  Жолдауын жариялады

Біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңі-балалар. Осы келешек ұрпақтың ойы озық, білімі терең, тәлім-тәрбиесі жоғары болуы үшін мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде. Балабақшадағы тәрбие –барлық тәрбиенің бастамасы.Жолдауда Мемлекет басшысы бала-бақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру, аттестациядан өткізу керектігін атап өтті. Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс.  Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.  Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Тәрбиеші  болу жай ғана мамандық емес. Бүгінде немереміз бала бақшаға барып 8 сағат тәрбиешінің тәрбиесін алады. Тәрбиеші адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнерін үйретіп бақытты , өз ұлтының, бақытты ұрпағы етіп тәрбиелейді..Сондықтанда тәрбиешілерді аттестатциядан өткізіп біліктіліктерін шыңдауы өте дұрыс деп есептеймін. Сондай-ақ қазіргі күні шалғайдағы шағын ауылдарды ұстап тұрған мектеп екендігі белгілі.Мектеп жабылса, мұғалімдер ауылда бір күн де тұрмайды. Жұмыс іздеп қоныс аударады. Оған әрине, ешкімді кінәлауға болмайды. Ата-аналар да мектебі бар елді мекендерге қоныс аударады. Демек, мектеп ауылға, ауыл мектепке дәнекер болып тұр. Апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешу үшін Президенттің бұл жолғы жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс екенін айта келіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленетінін мәлімдеді. Әрине,2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатыны да еліміз үшін қуантарлық жағдай.Іле аудан аналары атынан мемлекет тарапынан жасалатын осындай  игі істерге дән разымыз.Бұл да-тәуелсіздік жемісі деп білемін.

М.Жабиева

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Басқа жаңалықтар

Back to top button