Жолдауға қолдау
Бүгін Білім күнімен тұспа-тұс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу — әр қазақстандықтың азаматтық парызы екенін айқын көрсетті. Олай дейтінім, кешегі қаңтар оқиғасында орын алған арандатушылық, ел арасында іріткі салғандардың жалған ақпаратқа сеніп, мемлекетімізге зиян келтіргені- осының дәлелі. Алайда, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылдық жасауы-ең бірінші адамгершілік қасиетті жоғары бағалауы деп білемін. Азаматтарымыздың Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігінің болмауы- мемлекетімізге орасан зор шығын келтіруі-басқа адамдарға сабақ болуы тиіс. Қазақта жақсы сөз бар, «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген. Ата бабамыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен аманат етіп кеткен қасиетті жеріміздің бар екенін бағалайық. Ата Заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деп бекітілгені-құр сөз жүзінде емес. Конституциямызға мұндай өзгеріс енгізілуі-болашақтың айқын бағдары. Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құруға, қасиетті Отанымызды бірге өркендетуге шақырған ел Президентіне қолдау көрсету –баршамыздың міндетіміз. Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын!
Ардақ Ахметжанқызы
Боралдай кенті аппаратының бас маманы