СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының тұсаукесері өтті.
Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы Төлеген Сәрсембаев, облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ Алматы облысы әкімі аппаратының бас инспекторлары қатысты.
Кездесу шеңберінде қатысушыларға Мемлекет басшысы мен Агенттік Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты қайта форматтау және сыбайлас жемқорлық алғышарттарының уақтылы алдын алуға ден қоюдан баса назар аудару қажеттілігі туралы талаптары жеткізілді.
Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 3 бағыт айқындалған.
Олардың арасында Денсаулық сақтау, білім беру және жер қатынастары бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекіновтың айтуынша, проблемалық мәселелерді нүктелік шешу үшін тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтер басталды.
Мысалы, жер қатынастары саласындағы алдын ала деректер бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатына заңсыз өзгеріс және оларды сегменттеу белгіленді.
Денсаулық сақтау жүйесі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобалары шеңберінде медициналық мекемелердің сенімгерлік басқарушыларының шарттық міндеттемелерді орындамауы байқалады, бұл медициналық қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі.
Білім беру саласында тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектептердегі алымдарға шағымдар жиілеп кетті. Жыл басынан бері Агенттіктің Call-орталығына Алматы облысы бойынша осындай 40-қа жуық өтініш келіп түсті.
Іс-шара соңында салалық басқармалардың басшылары осы мәселелерді шешуге мүдделі болуы тиіс екендігі атап өтілді. Әйтпесе, жауапкершілік туындауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ағымдағы жылдың 9 айында 99 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, 65 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 13 түрлі дәрежелі басшылар.
КАРТА КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРЕЗЕНТОВАНА АППАРАТУ АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Сегодня по инициативе Департамента Антикоррупционной службы по Алматинской области состоялась презентация Карты коррупционных рисков.
На встрече приняли участие руководитель аппарата акима области Тулеген Сарсембаев, руководители областных управлений, а также главные инспектора аппарата акима Алматинской области.
В рамках встречи присутствующим доведены требования Главы государства и Председателя Агентства о необходимости переформатирования работы по противодействию коррупции и смещении акцентов с постреагирования на своевременную превенцию предпосылок коррупции.
В частности, в Карте коррупционных рисков по Алматинской области определены 3 направления, влияющие на социальную стабильность региона, а также сопровождающиеся общественным резонансом и критикой со стороны населения в адрес государственных органов
Среди них – здравоохранение, образование и земельные отношения.
Со слов первого заместителя руководителя Департамента Антикоррупционной службы Нурсултана Бекинова, в рамках реализации Карты рисков для точечного разрешения проблемных вопросов начаты тематические антикоррупционные мониторинги.
К примеру, по предварительным данным в сфере земельных отношений установлено незаконное изменение целевого назначения сельхоз земель и их сегментирование.
По системе здравоохранения в рамках проектов ГЧП наблюдается неисполнение доверительными управляющими медучреждений договорных обязательств, что приводит к снижению качества медуслуг.
В сфере образования из-за отсутствия должного контроля участились жалобы на поборы в школах. Только с начала года на Call-центр Агентства поступило порядка 40 подобных заявлений по Алматинской области.
В завершении мероприятия отмечено, что руководители отраслевых управлений должны быть заинтересованы в разрешении данных вопросов. Иначе может последовать ответственность.
Напомним, что Департаментом Антикоррупционной службы по Алматинской области за 9 месяцев текущего года зарегистрировано 99 коррупционных правонарушений, к уголовной ответственности привлечено 65 лиц, среди которых 13 руководителей различных рангов.