Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚТА АУДАНЫМЫЗ КӨШ БАСТАП ТҰР

9 желтоқсан күні Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде ауыл шаруашылық еңбеккерлері күні мерекесіне арналған «Еңбекпен өрілген өнегелі өңір» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі, аудандық ауылшаурашылық бөлімі, жеке шаруа қожалықтарының иелері және ауданымыздың белсенді азаматтары қатысты.

Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Біздің елімізде аграрлық сала үлкен рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев алдыңғы Жолдауында – «Ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп айтқан еді. Биыл да ауылды дамытуға арнап 5 жылға жоспар құрылды.  Қазіргі таңда  ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі локомативі болып табылса, тынымсыз еңбектің арқасында отандық аграрлық сектор ерекше дамып келеді. Сондықтан, ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесін кең көлемде атап өту оларға көрсетілген ерекше құрмет екені белгілі.

Айта кетейік, облыс бойынша өндірілген өнімнің 15,4% біздің Іле ауданына тиесілі. Оның ішінде биылғы 11 айдың көрсеткіші бойынша 68 мың 600 тонна құс еті өндіріліп, облыстағы жалпы өндірілген ет өнімінің 31 пайызын құрады.

Сонымен қатар, облыста 9 миллион құс болса, соның 4 миллион 700 мың құсы біздің ауданда өсіріледі. Бұл облыстағы барлық құс санының 52 пайызын құрайды.  Облыстағы Түйе шаруашылығының басым бөлігі де ауданымызға тиесілі. Ауданымызда 4800-ден астам түйе бар. 11 айдың қорытындысы бойынша «Дәулет-Бекет» жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігі 133 тонна түйе етін өндірді.

Аудан әкімі Бағдат Қарасаев  жиын барысында жетістіктердің барлығын саралай келе, ауылшаруашылық еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, еңбекте үздік атанғандарды марапаттады.

Шара барасында Іле ауданының құрметті  азаматы атағын «Іле ирригация» су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Бейсенбаев Жеңісбек Жұмабекұлына, Іле аудандық ветеринариялық  станциясының  директоры  Манкеев   Мұрат    Қадырбекұлына берілді.

Ал, аудан көлеміндегі бірқатар ауылшарушылық еңбеккерлері мен жеке шаруа қожалықтарына  Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алматы облысы әкімінің алғыс хаты, Іле ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, Іле ауданы әкімінің алғыс хаты, Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының Құрмет грамотасы табысталды. 

Салтанатты жиын соңы Мәдениет үйі әзірлеген тамылжыған ән, күмбірлеген күй кернеген шағын концертке ұласты.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button