ЖАС ПРОДЮСЕРІМІЗДЕН «САУҒА» СҰРАҢЫЗ
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырмасы бойынша, өткен аптада Алматы тұрғындарына қазақтың тарихи құндылығы бар «Сауға» мағынасына сүйене отырып, «Тынжы» шығармашылық орталығы «Сауға» атты қысқа метражды анимациялық фильмді ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен аяқтап, жақын арада көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Фильмнің продюсері Іле ауданы, Комсомол ауылының тумасы, дарынды режиссер, продюссер Жақсығұлова Ажар Тамшыбайқызы.
Бұрынғы жаугершілік кезіндегі оқиғаны суреттейтін аңыз, термеге сүйене жазылған сценарии. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым. Сауға сөзі тікелей әскери олжамен байланысты. Жеңілген батырдың, тұтқынға түскен адамның бас бостандығын, өмірін сауғаға сұрап алуға болады. Жеңілген жауынгер кейде өз өмірін де сауғалап алуы мүмкін.
Сол дәстүрге байланысты шыққан термеге сүйеніп жазылған анимациялық жобаның айтар ойы дәстүріміздің жақсы, тәрбиелік мәні бар бабадан қалған мирастарды ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Анимациялық фильмде оқиға былай суреттеледі: Тұтқынға түскен күйеуін, баласын, бауырын сауғалап алған әйелдің тапқырлығының арқасында бәрін құтқарып алады. Және де сол елдің ханы әйелдің ұтымды айтқан сөзіне тоқтап, тұтқындарға бостандық беруі ханның да ақылды адамшылығын көрсетеді. анимациялық фильмнің режиссері — Жүнісбек Маржан, Қоюшы суретші- Жұбанышева Үміт Фильм желісі бойынша, жау шапқыншылық жасап, басты кейіпкер әйел, күйеуі, ағасы және баласы жоңғарлардың тұтқынына түседі. Хан олардың басын алғалы жатқанда, әйел орамалын лақтырып сауға сұрайды ханнан, хан тек біреуін ғана беремін, таңда деп айтады сонда әйел толғанып: күйеу табармын, бала туармын ал бауырды маған ешкім тауып бере алмайды деп бауырын таңдайды ақылдылығына таңғалған хан, барлығын босатып жібереді Фильмнің желісі бойынша болып жатқан оқиғаны кейіпкер терме ретінде орындап, баяндап береді.
Жалпы фильм тартымды шыққан. 2023 жылдан бастап барлық кинотеатрлардан тамашалайтын болады.
Ажар Тамшыбайқызы – 1993 жылдың 01 маусым айында Іле ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Комсомол ауылының №31 орта мектебін бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Режиссура ТВ» мамандығын қызыл дипломға тәмәдаған
2011 жылдан бастап кино саласында жұмыс атқарып келеді. Асқар Ұзабаев, Рашид Сүлейменов, Ақан Сатаев, Асқар Бисембин сынды режиссерлармен жұмыс істеп келеді.
Продюсер ретінде шыққан туындыларын атай кетсек: «Жаңа жылдарыңызбен, қыздар!», «Келін особого назначения» — Режиссер Асқар Бисембин (көрсетілім Kinopark желісінде Қазақстанның барлық қалаларындағы кинотеатрларында өтті); «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» — Жапонияда өткен әлемдік кинофестивальде бас жүлде иегері, Турция мемлекетінінің Анкара қаласындағы Кинотеатрда көрсетілім өтті, Kinopark Esentai Mall желісінде көрсетілімі өтті. «Қандай рақат, сәбилер жыламаған!» — Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» қолдауымен жасалған анимациялық фильмдерін ауыз толтырып атауға болады.
Жерлесіміз әрі жас талантты продюссеріміздің шығармашылығымен барша оқырмандарымызбен етене таныстырғымыз келді. Шығармашлығың шыңға шықсын Ажар Тамшыбайқызы!
Б. ЧОЙБАСОВ