Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратДін және қоғамЗнай нашихҚоғам

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі — сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Іле аудандық мәслихаты 27 округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы    12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Іле аудандық мәслихаты

Абилова Роза Михаил кизи — Іле аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, 8 үй.

Жауапты тұлғалар – Керімбекова Әсем Сандыбайқызы, Ахилтаева Майра Сайлаубекқызы каб. № 214, 205 қалааралық телефон коды (872752), тел.: 251-70-37, 2-01-34 факс нөмірі 2-00-27,  электрондық почта мекенжайы: ile-maslihat@mail.ru

№ р/сСайлау округінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріСайлау комиссиясы мүшелерінің саны  
1234
Округтік сайлау комиссиялары – 27
 №1орталығы – Боралдай кенті, Водник-1 ы/а, Қ. Әзірбаев көшесі, 2, № 15 орта мектеп №№ 338,343,344 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №2орталығы – Боралдай кенті, Водник-3 ы/а, 40, «Әдемі» бөбекжай-бақшасы №№ 339,340,342,967 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №3орталығы – Боралдай кенті, Бостанов көшесі, 1 Е, «Дәулет Центр» ЖШС №№ 345,346,348 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №4орталығы – КазЦИК ауылы, Сейдалиев көшесі, 117, № 42 орта мектеп №№ 341,396,399,401 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №5орталығы – Комсомол ауылы, Школьная көшесі, 4, № 31 орта мектеп №№ 395,397,400 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №6орталығы –  М. Түймебаев ауылы, А.Молдағұлова көшесі, 14, № 19 орта мектеп №№ 402,404,405,970 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №7орталығы – Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, 138а, № 36 орта мектеп №№ 407, 408, 409, 412,1047 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №8орталығы – С. М. Түймебаев, 2-линия көшесі, 17, «Күншуақ» балабақшасы №№ 403,410,1055 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №9орталығы – Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, 2, № 29 орта мектеп №№ 406,411,413 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №10орталығы – Екпінді ауылы, Наурызбай батыр көшесі, 24, дәрігерлік ауылдық амбулатория №№ 392,393,394 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №11орталығы – Междуреченск ауылы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 1А, дәрігерлік ауылдық амбулатория №№ 389,390,391 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 №12орталығы – Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі, 31, мәдениет үйі №№ 417,418 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 13орталығы – Чапаев ауылы, 3 ы/а, 13,  мәдениет үйі №№ 414,415,416 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 14орталығы –Н.Тілендиев ауылы, Алматы көшесі, 32, № 26 орта мектеп №№ 384,385,968 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 15орталығы – Қараой ауылы, Дауылбаев көшесі, 1, №18 орта мектеп №№ 386,387,388,969 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 16орталығы – Покровка ауылы, Мичурин көшесі, 92В, «Bolashaq kemenger» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №№ 354,356,357 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 17орталығы – Өтеген батыр ауылы, Ә. Әжімұратов көшесі, 12, М. Мақатаев атындағы № 13 орта мектеп №№ 349,1045,1046 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 18  орталығы – Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, 16, № 7 орта мектеп №№ 350,351,352,985 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 19орталығы – Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, 16д, № 38 мектеп-гимназиясы №№ 353,355,358 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 20орталығы – Байсерке ауылы, Мир көшесі, 14 Б, № 9 орта мектеп №№ 359,360,370 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 21орталығы – Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 271, № 12 орта мектеп №№ 361,362,369 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 22орталығы – Ынтымақ ауылы, Центральная көшесі, 2а, № 46 орта мектеп №№ 364,365,371,373 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 23орталығы – Әли ауылы, Школьная көшесі, 2,  № 22 орта мектеп №№ 366,367,372 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 24орталығы – Қоянқұс ауылы, Абай көшесі, 2Е, № 47 орта мектеп №№ 363,368,374 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 25(орталығы – Жетіген ауылы, Қалибеков көшесі, 5, № 3 орта мектеп) №№ 375,376,382 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 26(орталығы – Жетіген ауылы, Райымбек батыр көшесі, 4, № 11 орта мектеп) №№ 377,378,379 сайлау учаскелерінің шекараларында5
 № 27(орталығы – Жетіген ауылы, Жігер көшесі, 86, № 34 орта мектеп) №№ 380,381,383 сайлау учаскелерінің шекараларында5


______________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

    ______________________________________________хатшысына

____________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,

______________________________________________ тұратын

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(қызметтік, пәтерінің, ұялы телефонының нөмері)

Өтініш

Мен,___________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының азаматы,______________________________________________________ __________________________________________________________________________ ұсынылушы    (саяси партия, өзге қоғамдық бірлестік, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының атауы)

________________________________________________жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін

(сайлау комиссиясының атауы)

Сайлау жүйесінде жұмыс өтілім бар _______________________________________

(иә, ___ жыл/ жоқ)

Жабылмаған немесе алынбаған соттығым  жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымын иеленбеймін.

Парламент депутаты, басқа жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, Қазақстан Республикасының соттарының судьяларының мүшесі болып табылмаймын.

Менің ЖСН-ді құзіретті органдарға жабылмаған немесе алынбаған соттылығым, әрекет етуге қабілетсіз, әрекетін шектеу деп тану туралы соттың шешімін белгіленген заң тәртібімен анықтауға сұраныс жіберу үшін пайдалануға келісімімді беремін.

 202__ жыл «____»____________                                       _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық мәліметтер:

Туған күні   _____ жыл «____» _______________

Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)_________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партияға мүшелігі* _____________________________________________________________________

Білімі       _________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе айналысатын ісі ____________________________________________________

Иеленген лауазымы  __________________________________________________________

Жеке куәлігінің мәліметтері  __________________________________________________

                                            (жеке куәліктің нөмері, кіммен және қашан берілді)

Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді  ұсынамын**.

Ескерту:

*Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тәуелділігі қалауына байланысты көрсетіледі.

** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Өтінішке қосымша

Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

р/сЖақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  Ескертпе
  әкем
  шешем
  ұлым
  қызым
  аға-інілерім 
  әпеке-сіңлілерім
  атам
  әжем
  немерем
  жұбайым (зайыбым)

Басқа жаңалықтар

Back to top button