Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Фракция отырысы: Партияның мақсаты айқын

2023 жылы 17 қаңтар күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Күн тәртібіне орай, Іле аудандық маслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы таныстырып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалып, атқарылатын шаралар сараланды. Одан кейін «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынға қатысқан Саяси кеңес Бюросының мүшелері күн тәртібіне орай, «AMANAT» партиясы Іле аудандық партия филиалының және аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылап, бекітті.

Сонымен қатар, аудандық депутаттық фракциясының, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және аудандық партиялық бақылау комиссиясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылап, бекіту үшін келісілді және қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Депутаттық фракция мүшелері алдағы уақытта келе жатқан сайлау науқанында, сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, мәселелерін шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуді бақылайтын болды.

Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауда.

Фракция мүшелері өз өкілеттіктері  шегінде мүдделі мекеме ұйымдармен бірлесе отырып тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілуіне барынша атсалысуда. Жиынды қорытындылаған фракция басшысы «Осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек» — деді.

Мәжілісті қорытқан,  аудандық депутаттық фракция жетекшісі Алмасбек Қожабекұлы «AMANAT» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттарын құттықтады. «Тұтас ел, партия бізге сенім артып отыр.

Сондықтан мемлекет мүддесі жолында жергілікті атқарушы органдар мен халық қалаулылары ынтымақ пен бірлікте тығыз байланыста жұмыс істеулеріңіз керек.

Біз шынайы отаншылдық пен бірліктің арқасында ғана елді өркендете аламыз», – деді.

Қаралған мәселе бойынша шешім қабылданып, орындалуы назарға алынды.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button