Ауыл тынысы

«WILO Central Asia» компаниясы мектепке жылу сыйлады

Боралдай кентінде орналасқан №40 орта мектепке  ірі типтегі су сору насосын жеке кәсіпкер тегін орнатып берді. Әлеуметтік әріптестікті нығайту жобасы аясында бұл жомарттықты «WILO Central ASIA» компаниясының өкілдері қолға алып отыр. Осыған орай, бүгін сервистік бөлімнің басшысы Нагаев Руслан Равильевич, маркетинг менеджері Навирдинова Камила арнайы келіп, мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кент әкімі Данияр Төлеуханұлы компанияның сумен жабдықтау, кәріз жүйелері, жылыту, ауа баптау үшін премиум сорғылар мен сорғы жүйелерін шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі болып табылатынын атап өтті.

«WILO Central Asia» су жүйесін жабдықтаумен айналысатын бұл компания Іле ауданында орналасқан. Әрі кәріз, жылыту және ауа тазартуға арналған әр түрлі сорғылар шағарады. Салада әлем бойынша жетекші өндірушілерінің бірі санатында. Кәсіпорын жауаптылары Боралдайдағы бұл мектепте тегін су сорғыш сыйлағанын азаматтық парызымыз деп отыр. Ал бұл шешімге келуіне білім шаңырағындағы ескі насостың істен шығуы себеп болғанын айтады. Айта кетейік, ескі сусорғышында әу баста  мектеп салынғанда 3 жылдық кепілімен аталмыш компания орнатқан еді. Он жылға жуық уақыттың ішінде сусорғыш істен шыққан. 

Руслан Нагаев «Wilo central asia» сервис бөлімінің басшысы: «Бізде бұл білім шаңырағымен қарым-қатынас жасағанымызға ұзақ уақыт болды. Мұнда кейбір мәселелер осыдан үш жыл бұрын пайда болды, біз көмектестік. Ал соңғы сорғы насосы жарамсыз болып қалғандықтан, біз осы сорғы станциясын жаңалауға көмектестік. Осы біз қойған құрылғының жалпы құны  үш миллион теңгеге шамасында», — деді.

Жақсылықтың қарымтасы ретінде компания директорына мектеп басшысы Гүлзира Болатқызы барша ұжым атынан  «WILO Central Asia» компаниясының бас директоры Азат Джалаировқа алғыс хат табыстап, өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкермен кездесуде Боралдай ауылдық округінің әкімі де жомарт жанға ел атынан алғысын білдірді. Әрі осындай тиімді серіктестік күрмеуі қиын көп мәселенің түйінін шешуге сеп болатынын тілге тиек етті. 

Данияр Қоңырбаев Боралдай ауылдық округінің әкімі: «Бұл станция №40 орта мектебіне қажет болды. Біз бизнесмендеріміздің осындай жоғары әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Ел Президенті айтқандай, біз өзара тиімді әріптестік орнатуымыз керек. Тек ортақ күш-жігермен біз барлық қиындықтарды жеңеміз», — деді.

Компания өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік жоба-ларды қолдау кәсіпорын бағ-дарламасының басты бағыттарының бірі. Боралдай кентінде орналасқан №40 орта мектеп сорғыш жабдығының ары қарай да сервистік ісін өзі атқара беретін болды.   Айта кетсек, 2022 жылы бұл компания Үшқоңыр су шаруашылығы колледжімен ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Содан бері қос тарап білек біріктіріп болашақ мамандарды бірге даярлап келеді.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button