Спорт

АҚШИ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ АШЫЛДЫ

Іле ауданында талай жылдан бері қаңырап бос тұрған спорт кешені жөндеуден өтіп, қайта іске қосылды. Жаңарған нысанның ашылуына жер-гілікті әкімдіктен бөлек, ауыл тұрғындары, меценат-кәсіпкерлер өз үлестерін қосқан.

 Енді  2800 бала салауатты өмір салтына көшіп, түрлі спорт сек-циясына қатыса алады. Өйткені, бұған дейін ауыл-да жастар үшін бұқа-ралық спортпен айна-лысуға ешқандай мүмкіндік болмаған.

Игілікті істің тұсауын кесуге Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бас-шысы Мақсат Кенешевпен бірге Республикамызға та-нымал спорт шеберлері, чем-пиондар келді. Солардың қата-рында джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова, бокстан әлем және Азия чемпионы ақшилік Балауса Мұздиман, С. Нұрмағанбетов атындағы джиу-джитсу спорт клубының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров, ауыл ақсақалдары қатысты. 

–  Ақши ауылындағы орталық спорт кешеніне жөндеу жұмысын жүргізіп, көгілдір отынға жалғадық.  Халық санының өсуі мен әлеуметтік нысандарға мұқтаждықты ескере отырып, жаңа әлеуметтік құрылыс салу ғана емес, сонымен бірге қолда бар ғимараттарды жөндеп, жай-күйін бақылап отыру керек. Негізгі мәселе бөлмелері суық, ал қабырғалардың сылағы құлап жатты. Қазір ол мәселенің бәрі шешілді, оның ішінде – бөлмелердегі ауа айналымы да жақсарды. Құрылыс салушыға ғимараттың қасбетін тапсырдым. Спортсүйер ауыл жастарының талап-тарына сай жұмыстар жүргізілді. Мұнда балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жаңа бокс залы, кикбоксинг және қазақша күрес, джиу-джисту залдары ашылды, — дейді Күрті ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров.

Субмердігер «KazRos Ltd-kz»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі – жылуын жүргізіп, жаңа спорттық жаттығу құралдарын құрастырып берген. Іші толықтай жөнделген.  Желтоқсан  айында басталған жұ-мыстар ақпан айының басында аяқталды. Ғимараттың сыртына күн жылынғанда әрлеу жұмысы жүргізілетін болады. 

Жаттығу залындағы спорттық жабдықтар 2017 жылдан бері сақтаулы күйінде тұрған. Оны облыстық жастар ресурсынан берілген екен. Спорттық кешен жұмыс жасамағаннан кейін шаң басып қоймада қалып қойған.

Сонымен қатар кешенде бір уақытта 60-70 адам жаттыға алады. Құрметті қонақ ретінде келген чемпиондар спорт залына келген жас буын өкілдеріне шеберлік сағатын өткізіп, көптің ықыласына бөленді.

Қ. ҚОЙТАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button