Без рубрики

«DOLCE» КОМПАНИЯСЫ НАРЫҚТА ЖАҢА ӨНІМДІ ҰСЫНАДЫ

Біз «Dolce» компаниясының жаңалықтарын  үнемі газет бетіне жариялап отырамыз. Сондықтан, компанияның тыныс-тіршілігі облыс,  аудан тұрғындарына етене таныс. Бүгінде аталмыш компанияның жаңа бөлімдері ашылды.

Айтпақшы, 2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі келіп кәсіпорын жұмысымен танысты. Кәсіпорынның негізі 1998 жылы қаланып, Қазақстан нарығына аяқ басты. Құрылтайшысы – Елена Ли.

Елена ханымның бизнесі 1 бөлмелі үйден бастау алды. Бір бөлме кеңсе, ас үй, жұмыс алаңы ретінде зал және өнім сақтайтын қоймасы бар шағын ғана үй еді.  Алғашқы инвестиция 100 доллар көлемінде болатын.

Бүгінгі таңда «Dolce» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медициналық мақ-саттағы бірреттік бұйымдардың, кәсіби шығын материалдарының, бір-реттік киім мен іш киімнің, сондай-ақ дәрілік заттардың ірі өндірушісі болып табылады. Кәсіпорында 400-ге жуық адам еңбек етіп, 200-ден астам өнім түрін шығарады.

 Компанияның жылдық айналымы 8 млрд. теңгені құрайды. «Dolce» өкілі айтып өткендей, өткен жылы 130 млн. түрлі өнім шығарылды. 2023 жылы өнімділікті кемінде 50 пайызға арттыру жоспарлануда. Компания ұзақ уақыт бойы шетелдік нарықта да мол тәжірибе жинады.  Өнімді өткізу аумағын кеңейткен. Еуропа, Африка, Ресей, сондай-ақ Азия елдеріне де ерекше назар аударылады. Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан секілді жақын шетелдерге шығарылатын өнім экспорты қарқынды түрде өсуде.

Компания өз өнімін 2023 жылы Еуропаға  экспорттауды жоспарлап отыр. Медициналық қолғаптарға еуропалық сәйкестік сертификаты алынды. Сонымен қатар, бір реттік маскалар мен қорғаныс жиынтықтарына сертификаттар алу жоспарлануда. Тағы бір жақсы жаңалық – компания бір реттік медициналық шприцтерді өндіру үшін Жапония мен Кореядан заманауи импорттық жабдықты сатып алды.

Қазақстанда мұндай медициналық шприцтерді өндіру орталығы жоқтың қасы. Жаңа цех іске қосылған кезде бірінші кезеңде 40 жұмыс орны ашылып, кейіннен 80 жұмыс орнына дейін ұлғайтылды. Жабдық толығымен автоматтандырылған. Онда жұмыс істеу үшін үздік қызметкерлер арасынан арнайы курстан өткен операторлар таңдалады.

«Dolce» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімі мен қазіргі нарықтағы өмірі жайлы алдағы уақытта да біз тың ақпараттармен бөлісеміз.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button