Шалғай ауылдардағы жастар белсенді
Іле ауданында аудан орталығынан 120 шақырым шалғай жатқан Ақши ауылының жас жұбайлары Темірғали Серік мен жан жары Гүлсара Жүгініс келіп дауыс берді. Серік Темірғалиұлы Күрті ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы 27 жастағы Серік Темірғалиұлы «біздің рухымыз биік, өйткені бұл ел үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды күн. Ел болашағы жастардың қолында және біздің таңдаған кандидаттардың қолында » деп атап өтті. «Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін келіп, таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын», – деді Серік. Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 3900 сайлаушы тіркелген. Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Сабыр Бапановтың айтуынша, қазірдің өзінде ауылдың жартысына жуық азаматы дауыс беріп үлгерген. Сондай-ақ халқы тығыз орыналасқан Байсерке ауылдық округінде де аудандық аурухананың фельдшері жас отау иесі Ақжол Асхатұлы өз жұбайымен №372 сайлау учаскесіне келіп таңдауларын жасады. «Біздің таңдауымыз болашақтың игілігі үшін. Ауыл аймақтағы ауылдық амбулаториялардың жағдайы жасарып, халық денсаулығының жақсаруы тікелей ақ халатты абзал жандардың қолында. Ендеше осы ауыл медицинасының алдағы жағдайы жақсарады деген үмітпен келдік. Біздің таңдаған кандидаттарымыз осы бағытта көп жұмыс істесе деген тілегіміз бар» – дейді отағасы.
Бағдат ЧОЙБАСОВ