Аудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Толқиды бір кеудемде кернеген шер


Төлегендей қазақтың саңлағы өмірден өткеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтті.Өз өмірінде қазақ поэзиясының саңлағына айналған Төлеген Айбергеновты танымайтын қазақ жоқ.Оның кеудесіндегі сағынышқа толы өлеңдерін халық сағына оқиды.Шет жайлап,өзге ортада өскен ақынның тағдыры шығармашылығына әсер етпей қоймайтындығы анық.Соның ықпалынан болар,қазақ әдебиетінің тарихынан өшпейтін,сағынышқа толы отты өлеңдер өмірге келді.Ақынның қазақ поэзиясының төрінде жарқ ете қалғанын әдеби ортада мойындайды.Өз өлеңін сағынышпен бастап,жан сырын ақтара жырлай бастағаннан-ақ ақынның кіршіксіз көңіліндегі сағынышты бірден сезесің.Оның сағынышы анасынан бастау алып,сонау ақын інісі Мұхтарды сағынудан аяқталады.Бізді Пушкин өлеңдері махаббат сезімімен баураса,Төлеген өлеңдері сағынышымен баурайды.’’Сағыныш’’сөзін естісек,Төлеген атамыз көз алдымызға елестейтіні анық.Себебі оның өзі де,өлеңдері де сағыныштан жаралған.Сағынбай,сүймей тұрып өлең жазбаған ақынның жырлары өз оқырманын өмірге өзгеше қырынан қарауға үйретеді. «Өмірде мынау сағынбағандар-бақытсыз,бақсыз,талайсыз»,-деп жырлаған ақынның тұла бойы сағынышқа толы екені оқырманға аян.Осындай ішіндегі ұлы сағынышы,ақынның жұдырықтай жүрегіне қалай сыйып кеткені белгісіз.Төлегеннің ішкі жан дүниесіндегі шері-бізге Айбергеновтың сағыныш поэзия әлеміне енуге арналған алтын көпір.
Ел есінде қалу үшін ақынды өз халқы мойындауы керек.Ал осы ақынымыздың әдеби ортадағы орны қандай болғаны туралы не білеміз?Төлеген Айбергеновтың таланты қайталаусыз өзінің биік деңгейінде қалды.Туа біткен таланты арқылы ол өзін әдеби ортаға мойындатты.Бұл туралы Ә.Кекілбаев: ’’Төлеген сөз жоқ ,нағыз талант.Дара талант,сара талант. Дара бітім адамның болмысына тән. Талант тақыр жерде өспейд»,-деп жазады. Оның алғашқы өлеңдері жарық көргеннен-ақ, Шымкентте Төлегеннің ақындығы мойындалып,есімі елге тарай бастаған еді. Кейіннен ақын туралы пікірлер туындап, өзінің әдеби ортасы сонда қалыптасты десе де болады.
«Сағыныш шалғай сапарларыма жасаған шақта иелік,
Кеудеме менің сан рет кеткен табан астынан күй еніп»,-деп толқып жырлаған жүректің әлі күнге дейін өз оқырмандары аз емес. Қазіргі таңда жас ұрпақ Т.Айбергенов атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, әртүрлі әдеби жарыстарда өз бақтарын сынап жүр. Болашақта бұндай әдеби жарыстар көбейіп, жастарымыз Төлеген шығармашылығын әрі қарай дәріптейді деп сенемін. Және де сағыныштан жаралған ақынымыздың өлеңдерін менде жас оқырманы ретінде сағына оқимын..

Алматы облысы , Іле ауданы
16 орта мектептің
10 сынып оқушысы
Наурызбаева Қаламқас

Басқа жаңалықтар

Back to top button