«Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығы жүйелі жұмыс істеуде
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің базарларды 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасын орындау мақсатында «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығы жүйелі жұмыс істеуге бағытталған бастамаларды қарқынды түрде жүзеге асырып келеді. Жуырда ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Шаққалиев Арман Абайұлымен өткен кездесуде көтерілген ел базарларын жаңғырту, бағаны тұрақтандыру және «көлеңкелі» айналымға жол бермеу сынды мәселелерді «Алтын Орда» базарының әкімшілігі әрдайым назарда ұстап, қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп келеді. Мәселен, әлемнің әр түкпірінен жеткізілетін тауарларды барлық талапқа сай сақтап, сату үшін базар аумағында арнайы тоңазытқыштармен және басқа да заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықталған 46 қойма жұмыс істеп тұр. Барлық тауар тікелей, яғни, делдалсыз жеткізіледі. Соның нәтижесінде, сапа жоғары, таңдау көп, ең бастысы, құны қолжетімді. Жақын арада көлік ағынын азайтып, тұтынушыларға жағдай жасау мақсатында тауарды көтерме бағада сатып алушылар үшін арнайы cross-docking аймағын жасау жоспарланып отыр. Базарды дамыту бағдарламасына сәйкес, ескірген нысандар қайта қалпына келтіріліп, жаңа үшінші павильонның құрылысы жалғасуда. Өткен жылы 300 орындық автотұрақ кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Базардың экологиялық ахуалын жақсартуға және көріктендіруге де күш жұмсалуда. Әмбебап кешеннің шеткі аумақтарын абаттандыру, жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл игі істердің барлығы ірі мегаполисті дамыту жөніндегі бас жоспардың іске асырылуы, жаңа метро станциясының құрылысы мен өзге де ірі жобалардың қолға алынуы ескеріле отырып жүзеге асырылуда. Мұның барлығы сауда логистикалық орталықтың өркендеуіне соны серпін береді. Сонымен қатар, «Алтын Орда» басшылығы кәсіпкерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау, халықты, оның ішінде табысы төмен тұрғындарды жұмыспен қамту ісіне мән береді. Айта кетейік, қазір «Алтын Орда» базарындағы сауда орындарын жалға алу құны Қазақстан бойынша ең төменгі баға. Дегенмен, әмбебап кешеннің әкімшілігі осымен тоқтап қалмай, игі бастамалардың қатарын үзбеуді көздеп отыр