«Химиктер лигасы» студенттік химиялық қоғамның белсенді бөлігі
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің www.kaznu.kz химия және химиялық технология факультеттің мамандар дайындауда 80 жылдан астам тарихы бар. Қазіргі уақытта факультетте 3 білім беру бағдарламасы бакалавриат, 8 магистратура мен докторантура бойынша іске асырылып жатыр. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Барлық мамандықтар ASIIN халықаралық агенттігінде аккредиттелген. Факультетте заманауи құрал-жабдықтармен қамтамас етілген 5 үлкейтілген кафедра, 2 ғылыми-зерттеу институты және 3 ғылыми зертхана бар. Факультетте 150-ден астам оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 50 доктор, 90 ғылым кандидаты, 15 PhD. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, НАТО-ның «Бейбітшілік үшін ғылым» халықаралық сыйлығының, Қ.И.Сәтбаев, Д.А.Қонаев, Е.А.Бөкетова, «Тарлан» сыйлықтарының лауреаттары, «Жастар», «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері бар.
Факультет Қазақстанның химия және химия инженерия мамандықтары арасында ең жоғарғы рейтингке ие. Факультет түлектері ғылыми, өндірістік және басқарушылық, бизнес салаларында жетекші қызметтерді атқарады.
Факультет біздің студенттеріміздің элиталық кәсіби химиялық білім алуы үшін, олардың өмірі қызықты және маңызды оқиғаларға толы болуы үшін барлығын жасайды.
Ұлттық химия мектебінің дәстүрінде тәрбиеленген факультеттің студенттік қоғамы терең білімімен ғана емес, жоғары белсенділігімен, бастамашылдығымен де ерекшеленеді. Факультетте бірнеше студенттік бірлестіктер ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы белгілі бір бағытта жұмыс жасайді. «Химиктер лигасы» студенттік қауымдастық химияға, оның ішінде физикалық химияға қызығушылық танытатын студенттерді біріктіреді және дарынды жастарды анықтауға, аталған пәндер бойынша білімдерін насихаттауға бағытталған.
Осы мақсатта ғылыми конференцияларға, семинарларға, конкурстарға белсенді қатысып, ғылыми жұмыстар мен жобаларды ұсына отырып, өз әлеуетін барынша арттыруға тырысады.
Былтырғы жылдың желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасымен біріге отырып химия-зерттеушілер мамандығының 403 топ студенттері ұйымдастырған Республикалық “League of chemists” атты интеллектуалды ойынның кезекті шарасы өтті. Зияткерлік ойын арқылы студенттердің ғылыми әлеуетін анықтауға және жоғарылатуға мүмкіндік береді, оларға шығармашылық пен даралықты көрсетуге, сыни ойлау мен командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ достық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.
Chemfire деп аталатын бұл іс-шара алғаш рет 2016 жылы өткізілді. Қазірдің өзінде 2017 жылы ол «Химиктер лигасы» деген атпен өзгертілді. Аталған шараға биыл Алматы қаласындағы бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысқан: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет.
«Химиктер лигасы» студенттік қоғам жетекшісі физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.к. А.А. Батырбаеваның. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі Аубакиров Е.А., кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Василина Г.К. , Бәкірова Б.С., профессор Сейлханова Г.А., доцент Түсіпбекова А.С., доцент Ташмухамбетова Ж.Х., доцент Сасыкова Л.Р., доцент Ешова Ж.Т., аға оқытушы Ажигулова Р.Н., доцент м.а. Усипбекова Е.Ж., Искакова Р.А., Наренова С.М. сынды оқытушылар жарысқа белсенді ат салысты.
Биылғы ойын ерекшелігі-оны ұйымдастыруға және өткізуге физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының шақыруымен дәріс оқуға келген Грац технологиялық университетінің (Австрия) профессоры Камар Аббас та үлкен үлес қосты. Ойын ұйымдастырушылары: химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы аға оқытушысы, химия ғылымының кандидаты Батырбаева А.А және 4 курс студенттері: Атығай Дина, Жақсыбай Бағашар, Кунакбаева Гүлназ, Назарова Диана, Жумабаева Камила, Бутантаева Айжан, Нуржау Мади, Қуаныш Малика, Қанағат Мадина, Бердаулет Меруерт, Коптилеуов Нурсерик.
Жарыс барысында студенттерге бейне-сұрақ қойып, әділқазы ретінде студенттердің жұмысын бағалады.
Іс-шараға қатысқан командалар:
1. «Жас Ломоносовшылар», Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, жетекшісі-Мырзабекова Ш.У. қатысушылар-Ғауан Шерхан, Смағұлова Сабина, Ихсан Нұрай, Ғалымова Нұрсауле, Мұқанов Әлихан.
2. «SuperNova», Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, жетекшісі – Ислам Ш.С. қатысушылар – Толкынова Томирис, Бессарабова Яна, Қанафиева Диана, Бакибаева Адия.
3. «Фармацевтер», С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, жетекшілері – Мырзағалиева М.Г., Әшімхан Н.С., қатысушылар – Сейітова Гүлзираш, Абай Мағжан, Санахова Бағымгүл, Кенжанова Томирис, Шонбасова Ақбота.
4. «SDUdents», С.Демирел атындағы университет, жетекшісі-Аширбаев Е.М. қатысушылар-Думанбек Шынар, Бозанбай Мейірбек, Қабдолла Мадина, Шокенов Расул, Қалмахан Нұрзат.
5. «Больцман», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жетекшісі-Ажигулова Р.Н., қатысушылар–Көпбосынова Дильназ, Мұқанов Асқар, Нашауов Тимур, Бауыржанұлы Азиз, Бектас Айдана.
6. «Энтропия», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жетекшісі-Усипбекова Е.Ж., қатысушылар – Әбиева Жаннұр, Қыдырбаев Бауыржан, Қонысбаев Азамат, Муслатдинова Альфия, Озбекова Дарина.
Бағдарлама бойынша зияткерлік ойын бес турдан тұрды: «Бейне танысу», «Бейне сұрақтар», «Сөз тап», «Блиц-тур», «Тәжірибелік тапсырма».
Студенттер командалары өздерінің физикалық химиядан терен білім және де ұйымдастырушылық, ойыншылардың бірлігі бар екендігің ойын арқылы көрсетті. Бірнеше турлық тартыстан кейін, әділқазылардың шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың «Больцман» және «Энтропия» командалары сәйкесінше бірінші және екінші орындарды иеленді. Үшінші орынды С. Демирел атындағы университет студенттері қанжығасына байлады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және
химиялық технология факультеті физикалық химия,
катализ және мұнай химия кафедрасының оқытушылары:
Искакова Р.А.
Наренова С.М.
Батырбаева А.А.
Жусупова А.К.