Без рубрики

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СТЕНД АТУДАН ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТУДЕ

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылында  Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стендтік атудан 20-29 мамыр аралығында рейтингтік лицензиялық Әлем кубогы өтуде.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Жарысқа әлемнің Австрия, Аргентина, Болгария, Бразилия,   Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Италия, Қазақстан, Катар, Қытай Тайбэй, Ливан, Араб Әмірліктері, Пәкістан, Перу, Пуэрто-Рико, Сирия, Финляндия, Чили, Швейцария, Оңтүстік Корея секілді 23 елінен және Азия контингентінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысып жатыр. Стендтік ату бойынша Әлем кубогы рейтингтік турнир болып табылады. Ол ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік береді және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға рейтинг бойынша лицензия алуға мүмкіндік береді. Жарыстың ашылу салтанатында стенд ату федерациясының президенті италияндық  Лучиано Россода қатысты.

Спорттық жиында Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, Қазақстан Респуб-ликасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, осы спорт түрінен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, өткен жылғы Кувейт елінде І орынды иеленген Әсем Орынбай мен жастар арасында  Азия рекордшысы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Эдуард Ещенкоға «Gate city» қалашығынан екі бөл-мелі пәтердің кілтін табыстап,   жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әсем Орынбай, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – біздің құраманың көрсеткіші – өте жақсы, әлемдік рейтингте үздік ондықтың ішіне кіреді. Кешегі сергектік жаттығуында да италиялықтардан кейін ІІ орында тұрмыз. Намысты қолдан бермейміз. Жеңіс тек мықтылардікі. Біз – мықтымыз! Осы рейтингілік Әлем Кубогін ұйымдастырып жатқан еліміздің елеулі аза-маттарына, әсіресе, Аламаты облысы әкімі Марат Елеусізұлының бізге тартқан сыйына алғысымыз шексіз! – деді.

Айта кетейік,  Александр Асанов атындағы клуб тәжірибесінде Одақтың жыл сайынғы ашық чемпионаты, 2009, 2013, 2015, 2019 жылдардағы Азия чемпионаттары 2014 және 2021 жылдары Әлем Ку-богының (ISSF) кезеңі 2022 жылы X-Азия Чемпионаты және ISSF Гран-приі оған әлемнің 20 елінен 400-ден астам спортшы қатысып тұрады. Осы кешенді жарыстар аясында стенд ату спортын танымал ету, спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды Республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу мақсат етілген.

Жарысты ұйымдастырушылар  – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министр-лігінің Спорт және дене шы-нықтыру істері жөніндегі комитеті, Алматы облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасы және  «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы».

 Бағдат ШОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button