Без рубрики

ҚАНДЫСАЙ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙҒЫСЫНЫҢ ТАҢБАСЫ

Іле ауданы, Боралдай кенті, Қандысай саяси қуғын-сүргін мемориалы жаныныда зұлмат жылдары қасақана «Халық жауы» деген жаламен атылған марқұмдардың басында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шар өтті.
Тұңғыш Президентіміз Н: Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жылы Жарлыққа қол қойғаннан бері Боралдай кентінде «Қандысай» аталып кеткен аумағы бар. 1929 жылдан бастап 1938 жылға дейін Қызыл кеңестің солақай саясаты, атақты «үштіктің үкімімен» қазақтың бас көтерер азаматтарын түгелдей осы сайда атқан болатын. Оның ішінде Т. Жүргенов, Х. Домұхамедов сынды сол кездегі Алаштың белді азаматтары да осында жерленген деген ақпарат бар. Осы күнге орай бүгін аудан ауданымыздағы мемлекеттік мекеме басшылары, мәдениет қызметкерлері және тұрғындар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға «Қандысай» сайына жиналды. Сонау 1992 жылы арнайы зерттеулерден кейін ашылған бұл қорымда жазықсыз қуғын-сүргін зұлмат заманындағы Алаш азаматтары жерленгенін дәлелденгеннен кейін ескерткіш қойылған болатын.
Онда Іле, Түркісіб, Алатау, Жетісу аудандарының әкімшіліктері мен зиялы қауым өкілдері және мекеме қызметкерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 1930 жылдары болған солақай саясат тұтастай қазақ халқына ауыр қасірет әкелді. Жазықсыз қудаланды, атылды. Ашаршылыққа ұшырады делінген тарихи әңгімелерде. Осы кезеңде Қазақстанда 103 мың адам қудаланды. Ал, «халық жауы» деп 125 мың 300 000 мыңға жуық азамат ату жазасына ұшырады.
«Асыра сілтеу болмасын, аша-тұяқ қалмасын», — деген саясат сол кездегі КСРО құрамындағы бірнеше халықтың жан-жаққа шашырап, Ата жұрттан жан сауғалап кетуіне әкеп соқтырды. Сол тұста Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс және басқа да ұлттардан 507 мың адам күштеп жер аударылды. Қиын кезеңді басынан өткергеніне қарамастан, қазақ халқы жүз мыңдаған кінәсіз халықтарды жомарттылығымен құшақ жая қарсы алды. Аталған қырғының зардаптары әлі күнге сейілген жоқ.
Еске алу шарасында сөз алған осы жерде құрбан болғаорпн сол кездегі Алакөл болысы Әлиасқар Басшұғұловтың шөбересі Советхан Сәкенұлы: — «Тәуелсіздік үшін Алаштың арда ұлдары солақай саясаттың құрбаны болды. Соның ішінде менің атам Әлиасқар Басшұғловта болған. Ол кісі қазіргі Алакөл ауданында болсы болған адам. Атаман Анниковқа 200 бас жылқы берген деген жаламен атылды. Аяусыз зорлық-зомбылық көрді. Сол бір зұлмат уақытта біздің елімізге де мыңдаған өзге ұлт өкілдері жер аударылды. Қазақ жұртшылығы барлығына құшақ жайып, бір үзім нанын бөліп берді. Біз олардың есімін ұмытпай, әрдайым ұлықтауымыз қажет», — деді Шарада сөз алған тарихшы, ардақты ұстаз Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы 1936-37ж.ж. төрағасы Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың қызы Орынша Құлымбетова сөз сөйлеп, тарихтан тың дәйектер келтіре отырып, зұлмат жылдардағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайының қиындығын баяндап, арыстарымызды күңірене еске алды. 19 комиссардың бірі болған Ұзақбай Құлымбетов жайлы естіп, білгенін көпшілікке айтып берді. Өзекті өмірдің өкініштісі сол, өз қолымен жасап атқарған еңбегінің нәтижесін көре алмай, небәрі отыз тоғыз жасында, қоғамға еңбегі сіңіп, марапатқа ие болып, халқының қалаулысы, депутат, әрі нарком бола тұрып, өз қоғамының жауы атануы қай қазақ баласы болмасын ауыр тиері хақ.
Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың сүйегі дәл осы «Қандысай» сайында жерленен. Оны сол кезде Темірбек атамыздың туыстары көму үшін әкелген көліктің жүргізушісін кездестіріп, соңынан қалмай жүргенде осы жерді көрсетіпті. Кейіннен қазба жұмысы басталғанда расында да сүйектер табылып, арулап көмілген екен.
Кейін ескерткіш орнатылып, халықтың жазықсыз қуғында қызыл Кеңес саясаткерлерінің қолынан қаза болғандарға құран бағыштайтын орнына айналған.
Шара аяқталғанда қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран оқылды. Артынша ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button