Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылымДін және қоғамҚоғамМәдениетТұлға

Зайырлы мемлекет және дін

         Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі маңызды факторлардың бірі болып табылады. Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына ықпал етеді.. Ақыл-есжәнеаңыздықдәлелдергенегізделгениман, кеңпейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

         Әлембойынша 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялаған болса, соның бірі – Қазақстан Республикасы. Конституцияның 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде көрсетілген.       

         Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін де реттеп отырады. Мемлекеттің зайырлы сипаты азаматтық қоғам субъектілерінің заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақтауын және өз қызметтерін осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге асыруын талап етеді. Сонымен қатар, еліміздің Ата Заңымыз қоғамдағы әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады.

         Еліміздегі қоғамының рухани тұрғыдан дамуына дәстүрлі діндер өте маңызды рөл атқарады. Әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.

         Қорытындылай келе, қоғамдағы адамның ішкі жан дүниесін дамытуымен дін айналысса, мемлекет қоғамның дамуына жағдай жасау арқылы қоғам тұтастығын, бейбітшілік пен келісім ішінде өмір сүруін мақсат етеді. Мемлекет қоғамның рухани дамуына діннің ерекше үлес қосатындығын мойындайды. Дін адамның дүниетанымының, қоғамдық сананың, әлеуметтік мінез-құлықтың маңызды құрамдас бөлігі болып тқала беретіні айдан анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button