Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАННЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫМЕН ҮЙЛІ БОЛДЫ

Іле ауданының белгілі кәсіпкері Нұрлан Түймелиев  желтоқсан оқиғасына қатысушы, ақын, ауданның белсенді азаматы Бағдат Қашқынбаеваға  жаңа үй салып берді. Кәсіпкеріміздің белсенділік танытып жүргені жалғыз осы игі іс емес,  тұрмысы төмен жерлестеріне көмек көрсетіп, ауыл жастарына ақыл айтып, жөн сілтеп жүретін нар азамат.  Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарда іс-шараларды жүзеге асуын да өз өз үлесін қосып жүр. Жаймашуақ шілденің алғашқы аптасында аудан әкімінің орынбасары Б. Серікұлы бастаған ауылымыздың азаматтары Іле аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Көкенұлы, мәслихат депутаттары М. Айдын, М. Омаровалар барып қазақтың қайсар қызы Бағдат Қашқынбеваны жаңа баспанасымен құттықтады. 

Желтоқсаншы Бағдат Қашқынбаева: — «Бұған дейін тұрған баспанам өте тозып кеткен, кішкентай ғана екі бөлмелі баспана еді. Ол жерде отбасыммен ширек ғасыр  тұрдым. Енді ешкім маған көпектеспейді-ау деп отырғанда кәсіпкер  Нұрлан  бауырым келіп, тосынсый жасап, мына үйді салып  берді. Көрші-қолаң, ағайын-жұрт, ауылдастарым да қуанышыма ортақтасты. Үйді көргенде қуаныштан сөйлей алмай қалдым» — деді. Бағдат апай өз тарапынан Нұрлан Ілесұлына арнау шығарып, келген қонақтарға оқып берді.

Нұрлан Түймелиев кәсібін бастаған жылдан бастап әр жыл сайын қайырымдылық шараларын өткізіп тұрады. Мейлі ол өзінің қатысы жоқ сала болса да ауылдағы жетпей тұрған дүниені әрі жалғап бітіріп, тап-тұйнақтай ету қоғам алдындағы парызым деп санайды. Баспанасыз жүрген отбасыларға салып беріп жатқан алғашқы үйі емес. Алдыңғы жылдары да жас отбасыға үй алып сыйға тартқан.  Сауабы сансыз іске мұрындық болған жомарт жанға ауыл арасында алғыс жаудырушылардың қатары көп.

Бағдат ТОҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button