Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ

Жуырда Ескелді ауданының Азаматтық қоғам мүшелері аудан әкімдігінде кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Күлтөбеде өткен келелі жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмағұл Әлімбеков төрағалық етті. Жиынға Жетісу облысының Азаматтық альянсының президенті Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы арнайы келіп қатысты. Әкімдікте өткен кездесуде қатысушылар азаматтық қоғамның мәні мен мәйегін таразылады.

Жалпы, еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – азаматтық қоғам құру. Бұл шын мәнінде мазмұны өте күрделі және бәріміз үшін ұлы тарихи мәні бар жаңа ұғым. Азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында да күшейіп отыр. Саясаттану сөздіктерінде азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі емес.Бірақ ғалымдар арасында қалыптасқан анықтама мынаған әкеп саяды. Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір сүретін қоғамдық өмірдің айрықша саласы, ол әртүрлі әлуметтік топтардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан құралады. Бүгінгі таңда азаматтық қоғам түсінігіне отбасы, мемлекеттің құрылым-дарының арасын толтыратын қоғамдық топтар мен ұйымдар кіреді. Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғам дегеніміз – азаматтардың мемлекет бақыламайтын және оған есеп бермейтін өмір саласы. Азаматтық қоғамның дамуы қоғамның барлық мүшелерінің тепе-теңдігінің әмбебаптық қағидаттарына құрылған. Азаматтық қоғам өз азаматтарының құқықтарын таниды және қамтамасыз ете алады.

Сонымен қатар, келелі кездесуде Азаматтық қоғамға қолдау көрсету, үкіметтік емес секторының жұмыс сапасын және кәсіби деңгейін арттыру, дамыту, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қарым-қатынасы және өзара ынтымақтастығы қаралды.

Азаматтық қоғамның дамуы – елді демократияландыра түсудің алғышарттардың бірі. Аза-маттық қоғам мен саяси мәдениеттің даму деңгейін есепке алмай жасалған кез келген демократиялық реформалар қасіретті жағдайға душар етуі мүмкін екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Тек реформалардың дамуына мүдделі мықты азаматтық қоғам құрылғанда ғана мұндайларға жол берілмейді.Сайып келгенде айтарымыз, үкіметтік емес ұйымдарды реформалар үдерісіне кеңінен тарту арқылы және мемлекеттің олармен қоян – қолтық ынтымақтастық жасағанында ғана елді демократияландыру стратегиясын табысты жүргізуге болады.

Кездесу соңында Ескелді ауданының әкімдігі мен Жетісу облысының Азаматтық альянсы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Д.Кемеңгер

Басқа жаңалықтар

Back to top button