Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікЭкономика

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛТЫ АЙДА 699 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы қаласы мен Алматы облыстық филиалы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарын қорытындылады. Баспасөз-конференциясына ЖАҰСО Алматы облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков және І дәрежелі инженер Олжас Батырбаев қатысты. Алматы облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков облыста жарты жыл ішінде 792 жол-құрылыс материалдарының сынамасы сыналғанын, оның 273-і (34%) стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша 365 сынама, ал облыстық, аудандық және ауылдық жолдар бойынша — 340 сынама алынған.

«Біздің филиалда диагностикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Автомобиль жолдарын диагностикалаудың негізгі мақсаты жолдардың биылғы жай-күйі, параметрлердің сәйкестігі және пайдалану жағдайындағы талаптарға сипаттамалары туралы объективті ақпарат алу болып табылады. Негізгі міндеттер-жол құрылысын тексеру, бағалау, көлікті пайдалану және базаны қалыптастыру. Өткен жылы диагностикамен 1619 км жол тексерілді, биыл — 699 км. Яғни, жыл соңына дейін біз өткен жылғы көрсеткіштен асамыз» — деді ЖАҰСО Алматы облысы филиалының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков.

Алматы облысы бойынша филиалдың деректеріне сәйкес жыл басынан бері республикалық желі бойынша барлығы 238 нысан, жергілікті жолдар бойынша (облыстық, қалалық, аудандық) 146 нысан зерттелген. Аталған нысандар бойынша ақаулар анықталды. Мәселен, республикалық желі бойынша 305 ақау анықталды, оның 201 — і жойылды (66%), жұмыста-104 (34%). Жергілікті жолдардан 36 олқылық табылды. Тапсырыс берушіге кемшілкітерді жою туралы ескерту мен тиісті хаттар жолданды.

ЖАҰСО Алматы облысы филиалының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбековтің айтуынша: «Ведомстволық сараптама өткен жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойынша верификация жүргізіп және қорытынды берді, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 337-і бұйрығына сәйкес биылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бойынша да ведомстволық сараптама жүргізілетін болады».

Басқа жаңалықтар

Back to top button