Аудан әкімі Қайнар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Аудан басшысы Танат Айдарбеков шілденің басында Талғар ауданының ең ірі және халқы тығыз орналасқан округтарының бірі болып саналатын Қайнар ауылдық округіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесіп қайтты.
Бұл кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарды ауданымызда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси шаралар туралы хабардар ету, алдағы міндеттер мен негізгі бағыттарды айқындау. Сонымен бірге жеткен жетістіктермен қатар орын алған кемшіліктерді де саралау болып табылады.
Еламан ауылының №41 орта мектебінде өткен кездесуде көптеген мәселелер көтеріліп, тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар берілді. Атап айтсақ, округтегі ең көкейкесті мәселелердің бірі – ауылдарды сумен жабдықтау.
2020 жылдан бастап «Еламан ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобаның сомасы 265,8 млн.теңге. Желілердің ұзындығы — 11 км. Келісім шарт бойынша жұмыстар аяқталған, қазіргі таңда ақауларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Алайда, мердігер ұйым жұмысты мерзімінде аяқтамады, қазіргі таңда нысан 98% пайызға ғана жасалған. Сол себепті желілерді тексеру және іске қосу жұмыстары осы жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, «Қайнар ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу» жобасының сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалаушы ұйым – «Геодезия Сервис» ЖШС. Шарт сомасы — 4,3 млн. теңге. ЖСҚ аяқталып, қазіргі таңда су жинау торабына арналған жер телімі ресімделіп жатыр.
Және де «Redline Pro» жобалаушы ұйым тарапынан «Жаңалық және Дәулет ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасы жасалуда. Жаңалық ауылы үшін жобалау құны – 45,3 млн. теңге, Дәулет ауылы үшін 20,6 млн. теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда «Дәулет ауылындағы кәрізді қайта жаңарту және салу» жобасы бойынша да құжаттар әзірленуде. Жобалаушы ұйым – «Бiрлестiк» ЖШС. Жобалау құны – 27,2 млн. теңге.
Қайнар ауылы бойынша өткен жылы ұзындығы 17,5 км көшелерге жарық бағаналары қойылған, осы жылы барлығы 20,5 км көшелерге жарық шамдарын қою жоспарда тұр, қаражат бөлінген, тек мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес жұмыстар жасалады. Әзірге мына жұмыстар бітті: Еламан ауылына 3,5 шақырым көше жарық шамдары орнатылып, жұмыстары аяқталды; Айғаным ықшам ауданына 2 шақырым жарық шамдарын орнату жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде; Жалқамыс ауылына 4,7 шақырым жарық шамдары тартылды; Еркін ауылына 3 шақырым жарық шамдарын орнату жұмыстары аяқталды. Еркін ауылына қосымша 5 шақырым жарық шамдарын жасалу жоспарлануда; Жаңалық ауылына 5 шақырым жарық шамдарын тарту жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы Еламан, Қайнар, Көктал ауылдарына «Газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу жобасын» жүзеге асыру жоспарда бар. Тапсырыс беруші — Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. Еламан, Қайнар, Көктал ауылдарының құжаттамалық сметасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары Еламан, Көктал, Қайнар ауылдарында басталды. Жаңалық, Дәулет ауылы бойынша жеке меншік инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қайнар ауылдық округі бойынша 2023 жылы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 30 млн қаражат бөлінген. Оның ішіне Жаңалық ауылындағы «Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш» аумағын күтіп ұстау, округтегі 5 мыңға жуық ағаштарды ақтау, ағаш кесу, шөп шабу жұмыстары кіреді.
Білім беру саласы да округте басты мәселелердің бірі. Мектеп жетіспейді. Округ бойынша қазіргі таңда 5 мектеп жұмыс істейді. Жаңалық ауылындағы №37, Жалғамыс ауылындағы №15 орта мектептер үш ауысымда оқытады.
Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023 — 2024 жылдары Жаңалық, Жалғамыс ауылдарынан 600 орындық 2 мектеп, мектебі жоқ елдімекен «Айғаным» ықшам ауданынан 600 орындық мектеп салынады деп жоспарлануда.
Даулет ауылындағы №11 орта мектеп ғимараты Каз НИСА шешімімен апатты деп танылып, 643 оқушы ескі мектеп ғимаратында білім алуда. Жаңа мектепке жөндеу жұмыстары осы жылы аяқталып, қолданысқа беріледі.
Жаңалық ауылындағы №37 орта мектепке күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
№11 орта мектепке 40 оқушы (станция Қайраттан — 40 оқушы), №26 орта мектепке 580 оқушы (Көктал ауылынан — 162 оқушы, Айғаным, Ай- Абылай ықшам ауданынан — 418 оқушы), №37 орта мектепке 759 оқушы (Айсұлу ықшам ауданынан — 318 оқушы, Шығыс ықшам ауданынан — 324 оқушы, Нұрай, Али ықшам аудандарынан — 117), №41 орта мектепке 472 оқушы (Жаңақұрылыстан – Жалқамыс ауылынан — 472) тасымалданып оқытылады.
Қайнар ауылдық округі бойынша №41 орта мектептегі шағын орталықта 35 бала, 16 жекеменшік балабақшаларда 2-6 жас аралығындағы 1429 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Қайнар ауылдық округінде Еркін, Жаналық, Дәулет, Жалғамыс, Қайнар ауылдарда 5 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Еламан, Тереңқара, Көктал ауылдарында медициналық пункт салу үшін жерлерінің құжаттарын рәсімдеу үстінде.
Еркін, Жаналық, Дәулет, Жалғамыс, Қайнар ауылындағы медициналық пунктте 2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды. Барлық медициналық пункттерде медициналық тексерулер жүргізетін дәрігерлер мен медбикелермен қамтылған. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы үшін Жаңалық және Жалғамыс ауылдарының фельдшерлік — акушерлік пункттерінде вакцинация кабинеті ашылған, онда жоспарлы тәртіппен халықты иммундау және инфекцияға қарсы ауруларды вакцинациялау орындалады. Қайнар ауылдық округ тұрғыңдарының арасында туберкулезді анықтаудың тиімділігі үшін флюрокомплекс бөлінді. Аптасына 3 рет дәрігерлердің шығу бригадасы құрылған. Жыл соңына дейін 5000-нан астам халқы бар ауылдарда фельдшерлік – акушерлік пункттерді дәрігерлік амбулаторияға қайта ұйымдастыру (реорганизация) жоспарда бар. Қазіргі уақытта медициналық мекемелер қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін медициналық тексерулер мен диагностикалық зертханалық қызметтерді толық жүзеге асырады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 196 отбасына, 1162 алушыға 27,6 млн. теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 387 балаға 3,8 млн.теңге төленді. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жәрдемақы 15 балаға 430,8 мың.теңге төленді. Сондай – ақ, әртүрлі әлеуметтік көмектерге 10 адамға 703,5 млн.теңге төленді (туберкулез ауруына шалдыққандарға, Ауған соғысына қатысқандарға бір жолғы төлем), мүмкіндігі шектеулі өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 13 мүгедекке 13 жеке көмекші қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 3 адам қол арбамен, 36 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 20 гигиеналық құралдармен қамтылған. 12 мүгедекке шипажайға жолдама берілді. I топтағы мүгедектігі бар 431 адам «Инватакси» көмегіне жүгінген. Медицина қызметкерлерінің мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет 6 балаға 1 әлеуметтік қызмет көрсетеді. Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен 4 адамға куәлік берілді.
Және ең бір ауыр мәселе – жолдар. Қайнар ауылдық округінде 323 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 174,58 км., оның: 45,08 км. — асфальт қабатымен, 129,5 км.- тас құм қабатымен. 2023 жылы Достык ауылы Елубаев, Сұраншы батыр, Садуақасова, Жандосов, Бегелдинов, Жалайыр, Жаңалық ауылы Гаухар ана, Теренқара ауылы Орталық, Набережная, Қарқара, Сақтан ауылы Орталық көшелеріне маршруттық әдіспен ағымды жөндеу жұмыстарына 6 км жолға 198 млн.тг. қаражат қарастырылды. Және Дәулет ауылы Боранбай би, Керей хан, Тоныкөк, Бекет ата, Алаш көшелері, Жалғамыс ауылының Саурық батыр, С. Датұлы көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарына 8,5 км жолға 188 млн.тг. қаражат қарастырылды. Ашық электронды конкурс нәтижесі бойынша «АБЗ Карьер» ЖШС мердігер мекемесі анықталды.
Сонымен қатар Айғаным ықшам ауданы Әлмерек көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 193 млн. теңге қаражат бөлінді. Қайнар ауылы Есенберлина, Жандарбеков, Боранбай би, Бейімбет, Бірлік, Каркара, Хакназар, Ералиева, Кожамкул, Алаш Дәулет ауылы, Мамыр көшесі Көктал ауылы, Өтеген батыр көшесі Жаңалық ауылы, Жәңгір көшесі Жалқамыс ауылы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттар дайын. Қажет ететін қаражат 641,6 млн. теңгені құрап отыр.
Бүгінгі таңда округ бойынша 221 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс істейді. Оның ішіндегі ең ірі кәсіп орындары: «Алтын Диірмен» АҚ, «Алматы Зоопарк» КМК, «Қанағат» ЖШС, «Сырымбет» ШҚ, «Ауелбаева» ШҚ, «Китаров» ШҚ, «Алимжанов» ШҚ, «Султанова» ШҚ, — мал азықтық дақылдарды өсірумен айналысады. Оның ішінде — бидай, жүгері, көп жылдық өсімдіктер. Егіс алаңы – 3535 гектарды құрайды. Қайнар ауылдық округінің мал басының саны: ірі қара малы – 2560 бас, ұсақ мүйізді малы – 2100 бас, жылқы – 912 басты құрайды. Ауыл тұрғындарының жеке ауладағы ауыл шаруашылық малын жаю үшін жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында жер иелері және жер пайдаланушыларымен ауыл халқының малын жаю үшін 550 га жерге меморандумдар жасалынды. Аудан бойынша суармалы суды жеткізуші мекеме — «Талғарирригация» болып табылады. Суармалы суды жеткізу бойынша 6 канал МК Мукаш – 8,0 км, МК Жалқамыс – 30,7 км, МК Жетіген– 26,0 км, МК Шагатай – 10,6 км, МК Чиликты – 29,3 км, МК Терен-Кара – 31,8 км Қайнар ауылдық округінен өтеді.
Округ бойынша ағымдағы жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5806,9 млн.теңгені құрады, өсу қарқыны 110,0 % (2021 жылғы қаңтар-тамыздағы көрсеткіш – 5226,2 млн. теңге). Инвстициялардың негізгі бөлігін бюджеттен тыс инвестиция – 97,1% (5,637 млрд. теңге), бюджеттік инвестициялар – 2,9% (169,6 млн. теңге) құрап отыр. Инвестицияның негізгі бөлігі төменгі кәсіп орындар арқылы түсуде: «АЛКОН-А», «SUNLONG», «ICF-ATABLOCK», «QazMetProduct», «Safa Industrial», «Техно Николь-Центральная Азия». Кәсіпорындардың негізгі бөлігі «Қайрат» индустриялық аймақта орналасқан.
Халыққа қызмет көрсету саласында барлығы 88 нысан тіркелген. Онда 162 адам жұмыспен қамтылған. Сауда объектілерінің саны – 75, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің саны — 26, қоғамдық тамақтандыру орындары – 2.
Ауылдық округке жыл басынан 40 млн 720 мың теңге салық түсті. Оның ішінде мүлік салығы бойынша түсім — 878 мың теңге, 121,5%, жер салығы — 1 млн 376 мың теңге, 78,9 %, көлік құралдарына салынатын салық — 34 млн 712 мың теңге, 236,2 %, жеке табыс салығы — 3 млн 728,0 мың теңге, 236,2 %, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық — 12 мың теңге, мүлікті жалға беруден түсетін салық — 14 мың теңге түсті.
Ауылдық округке жыл басынан бері бюджеттен бөлінген қаражат көлемі — 191 млн. 450 мың теңге, бүгінгі күнге игерілгені — 39 млн. 637 мың теңге. Оның ішінде: аппаратты ұстап тұруға -16 млн.139 мың теңге; елді мекендерді жарықтандыруға – 13 млн. 701 мың теңге; елдімекендерді санитариялық қамтамасыз етуге — 670 мың теңге; елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 2 млн 8 мың теңге; жолдарды ұстап тұру – 5 млн. 870 мың теңге және трансферттерге – 1 млн 249 мың теңгесі игерілген.
Акан АКЫЛОВ