Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жуырда Қаратал ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының мүшесі Болат Керімбек, Сенат депутаттары Амангелді Толамисов, Ғалиасқар Сарыбаев келіп, өңірде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.

Қаратал өңірінде 1 орталық аудандық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік бекет және 14 медициналық бекет медициналық көмек көрсетеді.

Жалпы 40 685 тұрғынға 67 дәрігер, 319 мейірбике қызмет көрсетеді. Мекеме медицина қызметкерлерімен толық қамтылған.

Қазіргі уақытта «А» блогының емхана бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жыл соңына дейін «В» блогының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

– Барлық нысандардың жөндеу жұмыстарын жеке бақылауда ұстау маңызды. Қажет болса, апта сайын мердігерлермен кездесіп, проблемалық мәселелерді жедел пысықтап отыру керек, — деді депутат Болат Бақбергенұлы.

Сондай-ақ, партияның 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында аудандық ауруханаға 2024 жылы компьютерлік томограф орнату жоспарлануда. Ал, 2024-2025 жылдары Жаңаталап, Кәлпе, Көпбірлік ауылдарында амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Мағмар МАҚСЫМҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button