Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамСпорт

ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

Спорт – денсаулық кепілі. Бүгінде жастарымыз спортпен шұғылданып, биіктерден көрініп жатқаны қаншама.  Айта кетейік, әлемдегі  ең көп  спорт түрі – футбол. Жақында Кеген ауылында  «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» ұйымдастыруымен, футболдан ерлер арасында Кеген ауданының ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста ауылдық округтерінің азаматтары футбол алаңында бақтарын сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында, Кеген ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты бәсекеге 10 команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есеппен Кеген ауылы жастары І орынды, Жылысай ауылының командасы ІІ орынды алса, жүлделі ІІІ орын Қарқара ауылына бұйырды.

 Жеңімпаздар аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау рәсімін «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы жүргізді. Алдағы уақытта жасыл алаңда өткізілетін футбол жарыстарында жерлестеріміздің биік тұғырдан көрінуіне сәттілік тілейміз.

Индира ҚАНАТҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button