Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАщыбұлақ ауылдық округіБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕСЕБІ ДҰРЫС

21 шілде  күні  Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылындағы №37 орта мектепте  округтің учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Негізі пандемиядан бері ауылдық учаскелік полиция  қызметкерлері ел алдында есеп беруді біржолата қойған болатын. Биыл аудандық мәслихат депуттары мен ауыл тұрғындарының қалауымен учаскелік полициялардың есеп беруі аудан көлемінде қайта жанданды. Іле аудандық полиция басқармасының  жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, Ащыбұлақ ауылдық округіне жауапты полиция аға лейтенанты Мадиканов Абылайхан Қайратұлы тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Жиынға округ әкімі Ж. Оналбаев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы С. Зәкіржанов, аудандық  мәслихат депутаты О.Ботабеков және ауыл тұрғындары қатысты.

-Ағымдағы жылдың алты айында әкімшілік учаске аумағында 111 қылмыс жасалды, оның 50 пайыздан астамы ұрлық пен  түрлі алаяқтықты құрайды. Яғни, осы кезеңде Ащыбұлақ ауылдық округінде қызмет көрсететін аймақтағы жағдайлар тұрақты десек болады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмыстарымен округ аумағында қазіргі таңда 7 учаскелік полиция инспекторлары, 2 кәмелет жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспекторы және 1 жедел уәкіл қызметкері жұмыстарын атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары М.Түймебаев, Жәпек батыр, Төле би, Көкқайнар ауылдарында, әскери қалашық және округке қарасты 51 саяжайға қызмет етеді – деді Абылайхан Қайратұлы.

Сонымен қатар, жергілікті учаскелік полиция бөлімі Ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін көптеген істерді атқаруда. Соның ішінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Балалар түңгі қалада», «Жаяу жүргіншілер», «Қару», «Участок» және тағы басқа арнайы жедел іс-шараларын өткізуде. Осы қылмысты алдын алу жобаларының нәтижесінде округте, аудан аумағында құқықтық тәртіп бұзушылықтың ел арасында теріс пікір туғызатын қылмыстардың жолы кесілген.

Ащыбұлақ ауылдық учаскелік полиция инспекторларымен 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жеке ұзын саны 10 тұрғын үйге ұрлық жасаған Б-есімді азамат  құрықталған, жанұялық қарым-қатынас аясында құқықбұзушылық жасаған 89 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шыққан.  Сот үкімімен 10 адамға ерекше талап орнатылды, алкогольдік ішімдікке салынып кеткен, 8 адам нарколог дәрігердің тізіміне еңгізілді.

Сонымен қатар, баяндамада анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтардың статистикасы, мас күйінде қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған алдын алу шаралары және «мүлдем төзбеушілік» қағидаты қалай жұмыс істейтіні айтылды. Жергілікті полицияның учаскелік полиция инспекторлары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Бұл –  полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және халықпен тиімді серіктестік орнату, «полицияның қадамдық қолжетімділік» және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру, құқық бұзушылықтардың, әсіресе, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Кездесу соңында қатысушылар мәселелік сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Айта кетейік, аудан көлемінде  учаскелік полиция инспекторларының есептері өңірде шілде айынан басталып, айдың соңына дейін жалғасады.

 Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button