Кеген аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы өтті
Жақында Кеген аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Кеген аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясында мына төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аудан әкімінің өз құзыреті шегінде, аудандық мәслихат депутаттарының алдында, өзіне жүктелген міндеттері мен іс-жоспарларының 2023 жылдың І жартыжылдығында орындалуы туралы есебі;
2. Аудан көлеміндегі ауылдардың ішкі көше жолдарының жағдайы, оларды жөндеу мақсатында бюджеттен бөлінген қаражат көлемі, жөндеуден өткізілген жол учаскелері, орын алып отырған проблемалары мен оның шешу жолдары туралы аудан әкімі орынбасарының есебі;
3. Жалаңаш, Шырғанақ ауылдық округ әкімдерінің 2023 жылдың 6 айында өз құзіреттері шегінде атқарған жұмыстары туралы есептері;
4. Кеген аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсанындағы «Кеген ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №45-148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Кеген ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Индира Біржансал