Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамМәдениет

Бес аспап маман Бейсенбек

Саты ауылынының тұрғыны Бейсенбек Тотыханов  үстіне спорттық киім киген, қағылез жігіт, Саты ауылындағы «Көлсай көлдері» ҰТП мемлекеттік мекемесінде мастер болып жұмыс істейді екен. Жоғары оқу орнын бітірген орман пайдалану инженері. Жастайынан спортпен оның ішінде бокспен айналысқан жігіт Алматы қаласындағы дене шынықтыру және спорт академиясын да бітірген болып шықты. Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Кеген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Саты ауылдық филиалында бокстан жаттықтырушы болып еңбек етеді. Ең негізі, Бейсенбектей азаматтың он саусағы өнерін толы жан болып шықты.

— Атам Тотыхан, әкем Тұқан аймағына танымал, қол өнерінің шебері әрі бірден-бір етікші болған еді. Содан шығар, біз де игілікті шаруалардан құры алақан емеспіз, — дейді Бейсенбек күлімдей тіл қатып.

Бейсенбектің бос уақыттағы, қолы қалт еткендегі ең сүйікті кәсіптерінің бірі – ағаштан түрлі аңның, құстың, жан-жануардың бейнесін жасау екен. Біз оның терек ағашынан қарулы саусақтарымен қоянды шеңгелдей ұстап, астына бүріп ұстап отырған бүркітті бейнелеген бір шаруасының үстінен түстік. Арнайы оқыған, тоқыған әйдік мүсіншілердің қолтаңбасынан бірде-бір кем емес. Сөйтіп, Бейсенбектей азаматтың суретшілік, мүсіншілік өнеріне тәнті болдық. «Әй, мынау, алтын бесік – ел іші, тегінде өнердің кеніші екен-ау?!», — деп тамсандық. Бір басында бірнеше мамандығы, сүйікті ісі бар, он саусағы өнерге толы Бейсенбек А. Түркебаев атындағы мектеп-лицейде мұғалім болып еңбек ететін Лиза Нұржаубаевадай асыл жарымен бірге 2 ұл, 2 қызын тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты отбасы. Біз оған шын көңілімізбен «Бокстан баптап жүрген шәкірттерің жеңісті, «Көлсай көлдеріндегі» жұмысың жемісті, қол өнерің келісті бола берсін!», — дедік!

Индира БІРЖАНСАЛ.

Суретте: Саты ауылындағы  «Көлсай көлдері» ҰТП ММ-нің

 мастері, бокстан жаттықтырушы, қол өнер шебері

Тотыханов Бейсенбектің туындысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button