
27 шілдеде Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы аудандық әскери комиссияриат ғимараты жанында антитеррорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығуға қалалық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аудан әкімдігі ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлап, оқу жаттығуды сәтті өткізді.
М.Мақсым