ОРМАНДЫ ӨРТТЕН САҚТАЙЫҚ
Орман көптеген пайдалы өнімдердің маңызды және алмастырылмайтын көзі болып табылады, сонымен қатар экологиялық, емдік және санитарлық маңызы бар. Ауаны қажетті химиялық элементтермен қанықтырады, оны өнеркәсіптік шығарындылардан тазартады. Адамның жауапсыз қарым-қатынасы, табиғи апаттар орман алқаптары санының азаюына әкеледі. Бірнеше сағат ішінде орман екпелерін жоя алатын ең қорқынышты қауіп – өрт. Жылы, шуақты күндердің келуімен ең өзекті мәселе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, кез келген ұшқын табиғатта бақыланбайтын өртке әкелуі мүмкін және өсімдіктерді, жануарларды, жақын маңдағы елдімекендер мен адамдарды жойып, жоғары жылдамдықпен таралады. Ормандағы өрт оның орнына жалаңаш өлі жер қалдырып, үлкен аумақтарды қамтуы мүмкін. Осы орайда Ескелді ауданының ТЖБ және аудандық ПБ және Талдықорған орман шаруашылығы жеке Қора шатқалының орман учаскісінде «Табиғатты өрттен сақтайық» тақырыбында рейдтер өткізді. Аталмыш шара мақсаты — ҚР ТЖМ Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы үшінші тоқсанына арналған жұмыс жоспарын орындау және өрт қауіпі бар кезеңде дала және орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша білімді насихаттау және тұрғындарды ақпараттандыру.
Шара барысында төтеншеліктер тұрғындарға ескертпе, түсіндірме жұмысын жүргізді. Олардың айтуынша, қарапайым заңдылықтарды сақтаудың өзі қауіпті сейілтеді екен. Төтеншеліктер тұрғындарға төмендегідей нұсқаулық берді.
Жас қылқанжапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға тыйым салынады;
жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге болмайды;
аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға тыйым салынады;
жанармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға болмайды;
іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.
Шара барысында орманды аймақта тынығып жүргендерге жадынама таратылды.
М. МАҚСЫМ