Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Автосервис құрылысына мемлекеттік грант иегеріне жер учаскесіне рұқсат берілмей жатыр

2023 жылғы 21 шілдеде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің көшпелі кездесуінде Кеген ауданы кәсіпкерінің мәселесі талқылауға көтерілді. Бизнес өкілі өзінің 5 млн. теңге сомасына мемлекеттік грант иегері бола отырып, жарты жыл бойы жер учаскесіне рұқсат ала алмай жүргенін хабарлады.

          Кәсіпкердің гранты Тоғызбұлақ ауылында автокөлік қызметі орталығын салуға тағайындалды. Алты ай бойы ол Кеген ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына ауызша жүгінген, бірақ толық жауап алған жоқ. Мұндағы тағы бір мәселе – кәсіпкер бір жыл ішінде грантпен бөлінген ақшаны игеруі керек еді, әйтпесе соманы қайтару талап етілген.

          Бұл түйткілді сұрақ одан әрі Кеңесте қаралып, Кеген ауданының ТКШ-на ұсынымдар берілген болатын. Жергілікті атқарушы орган ұсынымдарды назарға алып, содан кейін кәсіпкерге 10 соток жер учаскесін анықтап берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button