Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚаратал хабарыҚоғам

ИГІ ШАРА ИГІЛІГІ

Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары А.Оңғаров, аудандық мәслихат төрағасы М.Әкімжанов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Алпысбаев, аудандық орталық аурухана директоры Б.Құмаров, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Р.Тасыбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Д.Какимов және аудандық ветеринария бөлімінің қызметкері ауданымыздағы мал шаруашылығымен айналысып, жайлауға көшкен шаруа қожалықтардың тұрмыс — тіршілігімен танысып, денсаулықтарын біліп қайтты.

Шаруа қожалық қызметкерлерінің денсаулықтары тексеріліп, тегін дәрі-лер берілді. Үздік деп танылған шаруа қожалық басшылары мен қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Ересектер арасында қол күрес, арқан тартыс, аударыспақ сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді.

Сонымен қоса, тегін кітаптар мен аудандық «Қаратал» және «Бастау» газеттері, балаларға аудан әкімінің атынан тегін доп таратылды.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button